12
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Сахабалар дәуірінде «өтірік айту» деген жоқ еді

Сахабалар дәуірінде «өтірік айту» деген жоқ еді

Ислам тарихы

Бәйхақи Бәраның былай деп айтқандығын риуаят еткен:

«Барлығымыз Расулулланың (с.а.у.) хадистерін естуге мүмкіндік таба бермейтінбіз. Өйткені әркімнің өзіне тиесілі мал-мүлігі мен айналысатын шаруасы болатын. Бірақ адамдар өтірік айтпайтын, хадистерді естігендер естімегендерге жеткізетін».

Қатада (ө. 117/735) болса бұл жайлы былай деген: «Әнәс бір хадис айтты. Оны естіген біреу оған «Сен бұл хадисті Расулулланың өз аузынан естідің бе?» деп сұрағанда, «Иә, өз аузынан естідім» (немесе «оны маған өтірік айтпайтын біреу айтты») деп жауап берді де «Уаллаһи, біз өтірік айтпаймыз, тіпті өтірік дегеннің не екенін де білмейміз» деді».

Бәйхақи Мәліктен келген бір риуаятқа қарағанда Рәжаның, «Абдуллаһ ибн Омар Расулулланың әміріне, сүннетіне әрі іс-қимылдарына көңіл аударғаны соншалық, оны көргендер ақылынан адасқан ба деп айтуға дейін баратын» деп айтқанын жеткізген.

Сәмура былай деген: «Расулулланың дауыстап оқыған намаздарында мына екі жерде үндемегендігі есімде қалыпты. Ифтитаһ тәкбірінде және Фатиханың соңында...

Имран ибн Хұсайын осы жайлы Убәй ибн Қағбқа бір хат жазды. Убәй оған берген жауабында Сәмураны қолдап әрі «Сәмура Расулулланың хадистерін жаттап алған болатын» деген».

Ибн Сириннің риуаятына қарағанда ибн Аббас, мұсылмандарға пітір садақасын беру керектігін айтқанда қарсы шықты. Сонда ибн Аббас Сәмураға хабар жібертіп Елшінің пітір садақа беру жайлы әмірін біліп-білмейтінін сұрады. «Иә, білемін» деп жауап бергеннен кейін ибн Аббас «Олай болса мұны халыққа не үшін айтпай жүрсің?» деп Расулулланың пітір садақа жайлы әмірін мұсылмандарға айтпағыны үшін Сәмураны кінәлады.

Бұхари Абдуллаһ ибн Амрдан Расулулланың (с.а.у.) былай дегенін риуаят еткен: «Менен бір аят естісеңдер оны адамдарға жайыңдар. Хадистерімді бір-бірлеріңе жеткізіңдер; бірақ маған өтірікті жолатпаңдар. Кімде-кім маған әдейі өтірікті телитін болса тозақтағы орнына дайындалсын!».

Ибнул-Мүбарәк мына оқиғаны айтып береді: Әбу Асамә Әбу Ханифаға, «Мен ақылға негізделген мына кітаптарды есту арқылы үйрендім. Хадистерді кімнен есту керектігі жайлы қандай ұсынысың бар?» деп сұрады.

Әбу Ханифа «Шиғалардан басқа, әділ жүретіндерден алуыңа болады. Өйткені Шиғалардың сенім негізінде «Сахабалар адасқан» деген түсінік бар. Кімде-кім сұлтанның бұғауына кіретін болса, барша адамдар оған бас иіп тұрса да ол мұсылмандардың басшысы болуға лайық емес» деп жауап береді».

Әбу Ханифаның Шиғалар жайлы айтқан осы сөздері, кітаптың алғы сөзінде айтқандарыма сай келеді.

Хармәлә ибн Яхя, имам Шафидің мына бір сөзін жеткізеді: Әһли һәуа, бидғатшы топтардың ішінде, Рафизилерден өтірік куә болу жөнінен асып түсетін топ жоқ.

материал «Сүннеттің діндегі орны» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: