19
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Аллаға құл болудың белгілі бір уақыты жоқ

Аллаға құл болудың белгілі бір уақыты жоқ

Ислам тарихы

Намаздың уақыты бар. Оразаның уақыты бар. Бірақ құл болудың белгілі бір уақыты жоқ.

Құлдығымызда бір ойық шытынаған жер болатын болса, ондай жүрек, Алла сақтасын, қарс айырылады. Сондықтан құлдық өмірімізге абай болайық. Әр сәт құлдық міндеттерімізді естен шығармайық.

Осы дүниеде бақытты отбасын құрып, үлкен арпалыс күні қияметте «Олар қорықпайды да, қайғырмайды да» аятының қамтуында болғымыз келсе, ізгілік амалдарын жасауды үзбеуіміз, раббымызға дұғамызды үзбеуіміз, бұл дүниенің фәнилігін ұмытпауымыз керек. Барлық істің пәтуәсы ең азы бойынша беріледі. Ол ғимараттың іргетасы секілді. Ал ғимараттың үстіңгі жағының көркеюі жүректің кемелденуіне, яғни тақуалыққа байланысты. Біз әрқашан да тақуалық жағын таңдауымыз керек. Тақуа – жүректің Жаратушысына жақындығы. егер ғимарат іргетасы құйылған күйі қалып кететін болса, ол шала құрылыс болып қалады. Соның үшін біз әр нәрсенің пәтуә жағын емес, тақуа жағына бейім болуымыз қажет.

Ең үлкен борышымыз – раббымызға құлшылық жасау. Бірақ Аллаға апаратын жол өте ұзын әрі тар дәліз секілді. Ал оның іші машаққат пен сынақтарға толы. Ол дәлізді тек тақуалық арқылы ғана жүріп өтуге болады. Сондықтан діндарлық – өмір бойы жалғасатын тақуалық өмір.

ең үлкен тәлім – Аллаға құл болуды үйрететін тәлім. Ондай тәлімді беру мен алу – үлкен өнер. яғни ең ұлы өнер – мұсылман болу өнері.
Алла Тағала қиямет күнінің қиындығына ант етеді. Біздің әрқашан сол күнге әзірленіп жүруімізді бұйырады. Бірақ адам қияметті ұзақ деп санайды. Нәпсісі оның көз алдына жасаған бес-алты амалын жайып салып, сол бес алты амалмен қияметтің қиындығын асып өте салатындығын ойлайды.

Кәміл мүмин өмірінде тағдырына жазылған ешбір нәрсеге «неге бұлай?» деп налымайды. «Мен неге мұндай болдым?» демейді. «Мен үшін осы қайырлы шығар» дейді. Бізді жаратқан Алла өзіне сенім артуымызды қалайды. Қалай сәби анасы өзін жақсы көретінін білетін болса, оған жамандық ойламайтынын, асырап баққандығын, жақсылығын қалағандығын білетін болса, пенде де Алланың өзін жаратқандығын, өзіне жамандық ойламайтындығын білуі керек.

материал «Махаббат және Мағрифат» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: