12
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Қайғыға толы жыл

Үш жылға созылған мүшріктер бойкотынан босап, енді бас көтердік дегенде қайғылы оқиғалар бірінен соң бірі қайталанды.

Мұсылмандарға қарсы бойкот

Пайғамбарымыз өз міндетіне кіріскелі жеті жыл өткен… Біздің эрамыздың 617 жылы… Осы уақытқа дейін Исламның таралуына жол бермеу үшін қолдарынан келгенді жасап баққан мүшріктердің бар амалы түгесілгендей, жеңілістер қайталана берген.

Айдың екіге жарылуы

Құрайыш мүшріктері Мұхаммедтің (с.ғ.с.) пайғамбар екенін, қарапайым адам емес екендігін білдіретіндей муғжизаларға көп рет куә болса да қырсыға түсті. Ерегіскендері соншалық, муғжизаға өздері сенгісі келмегендерімен қоймай, халықты да аулақтатуға тырысты.

9 жылдан кейін келген жеңіс

Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар ретінде жіберілген тұста Шығыс Рум мен Иран дүние жүзінің алып мемлекеттері саналатын. Пайғамбарлықтың бесінші жылында, яғни б.э. 613 жылдарында бұл екі көрші ел бір-бірімен бәсекелесіп, соңы қанды қырғынға ұласқан. Ол кезде Иран тағында екінші Хұсрау, ал Рум императоры Гераклий еді…

Қырқыншы мұсылман

Хазіреті Мұхаммедтің пайғамбарлығының алтыншы жылы… Біздің эрамыздың 616 жылы. Ерлігімен елге мәлім болған Хамза батырдың мұсылмандықты қабылдауы, артынша бір топ мұсылманның Хабашстанға көшуі құрайыш мүшріктеріне үлкен соққы болды.

«Өз діндерің – өздеріңе, менің дінім – маған»

Меккелік мүшріктер дүние-дәулеттің де, атақ-мансаптың да, азап пен қорлықтың да Мұхаммедті (с.ғ.с.) алған бетінен тайдыра алмасын түсінген-ді. Түсінген де енді Оған басқаша ұсыныстар айтуға көшкен. Бір күні олар тағы да пайғамбарымызға келіп: «Сен Жаратқаныңнан мынаны тіле, егер Сафа төбесін алтынға айналдырар болса, онда біз саған иланып, иман келтірейік» - дейді.

Хазіреті Хамза мұсылмандар қатарында

Хазіреті Мұхаммедке (с.ғ.с.) елшілік міндеті берілгелі де алты жыл өткен… Мүшріктер бәз-баяғы тайталас текетіресін тоқтатпаған, өмір алға жылжи берген.

Алғашқы көш

Хазіреті Мұхаммедке пайғамбарлық түскелі де бес жыл өткен… Милади 615-жылдың рәжәп айы… Мүшріктер Меккеде ойран салып, мұсылмандарға көрсетпегендері қалмаған.

«Оң қолыма – Күнді, сол қолыма – Айды ұстатса да алған бетімнен қайтпаймын»

Небір қитұрқы мазақтары да, жан қинаған азаптары да Мұхаммедке (с.ғ.с.) әсер етпегенін аңдаған мүшріктер ойласа келіп, енді Әбу Тәліпке арыздануды жөн көрді.

Ислам тарихындағы алғашқы шейіттер

Ясир Меккеге Йеменнен келіп, махзум руынан Әбу Хузайфа ибн Мұғираны паналаған-ды… Кейінірек Әбу Хузайфа оны күңі Сүмаййамен үйлендіреді…Олардан Аммар және Абдуллаһ есімді екі ұл туады…