11
Сенбі,
Мамыр

һижри

Расулулла аман ба?

Расулулла бір күні Дарул-Әрқамда бір топ сахабамен сұхбаттасып отырады. Араларында пайғамбардың садық досы Хазіреті Әбу Бәкір де бар. Ислам жолында өз бастарын құрбандыққа тігуге даяр шәкірттер тәухидті, Алланың бірлігін жалпы жұртқа жариялауға асыққан.

Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) жасалған зұлымдықтар

Сафа төбесінен ашықтан-ашық пайғамбарлығын жариялап, жалпы халықты Исламға шақырған үндеуінен соң Мұхаммедке (с.ғ.с.) құрайыш мүшріктері арасынан қарсылық білдіріп, қастандық ойлаушылар көбейді. Мүшріктер зұлымдық жасауда бірінен бірі қалыспады. Ал, пайғамбарымыз болса, қажымай-талмай халқын тәухидке шақыра берді.

Сафа төбесінен айтылған үндеу

Исламды уағыздау кең өріс ала түсті. Ашықтан-ашық ақиқатқа үндеу иманды рухтарға қуаныш сыйласа, мүшріктердің қаупін үдете түсті. «Саған бұйырылғанды оларға жеткіз.» (Хижр сүресі, 94-аят) деген Алланың пәрменін алған соң әлемдердің мақтаны – Мұхаммед (с.ғ.с.) саябыр таппады. Алып-ұшқан көңілі жерлестеріне материалдық-рухани бақыттың жолын тезірек көрсетуге асықты…

Хазіреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.) пайғамбарлығын паш етуі

Бүкіл адамзат баласын тура жолға шақыратын, күллі әлемді құшағына алатын діннің мұнан былай жасырын қалуы мүмкін емес еді. Өйткені, бұл дін адамдарды материалдық және рухани жағынан түзеп, ғұмырларын баянды ету үшін жіберілген-тін. Сондықтан да ашықтан-ашық жариялануы тиіс…

Әбу Зәрр Ғифаридің иманға келуі

Исламның нұры рухтарды жасырын түрде болса да сәулелендірді. Алғашқы мұсылмандар шын ықыласпен беріліп, Хазіреті Расулалланың жөн сілтеуімен Алланың ақ жолымен ілгерілеуге тырысып бақты. Пайғамбарымыз әлі дінін ашық жария етпеген-ді. Соған қарамастан Меккеден басқа көп жерлерде соңғы пайғамбардың белгілі болғаны хақында құлақдар болғандар баршылық.

Мұсылман болуына Хазіреті Әбу Бәкір себеп болған сахабалар

Болмыстың нұры, екі жаһанның гүлі – Хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) әлі де пайғамбарлығын ашық жарияламаған… Бұл кезеңдегі уағыз айтушылардың ең батылы Хазіреті Әбу Бәкір еді, ол жүрген жерінде доc-дұшпан деп бөлмей Ислам ақиқаттарын түсіндіретін.

Алғашқы мұсылмандар

Дүниенің сұлтаны Мұхаммед (с.ғ.с.) Хирадағы муғжизадан соң Алла тарапынан жүктелген қасиетті елшілік міндетін қабылдады. Ендігі жерде осынау ұлы да ауыр қызметтің талаптарын орындауға тиіс. Өзі өмір сүріп отырған ортада мұның оңай бола қоймасы анық еді.

Хазірет Мұхаммедке (с.ғ.с.) пайғамбарлық міндеттің жүктелуі

Хазірет Мұхаммед (с.ғ.с.) отыз сегіз жаста. Осы тұста ол беймәлім қызық жағдайларға кездесті. Күтпеген жерден ғайыптан дауыстар естіп, кейде бір жерлерден жарық сәулелер көрінді. Оқыс оқиғалар күн сайын жиілей түсті. Ұзақтан, кейде тап іргесінен “Ей, Мұхаммед!” дегенді анық еститін. Алайда пайғамбарымыз жалт етіп сөнетін жарықтың да, өзіне шақырған дауыстың да себебін түсіне алмаған. Бірақ түбінде тегін құбылыстар емес екенін іштей сезетін де, қалың ойға шоматын.

Мұхаммедул-Әминнің Қағбаның құрылысында үкім айтуы

Пайғамбарымыз отыз бес жаста. Осы тұста құрайыштар Қағбаның құлағалы тұрған қабырғасын қайта қалау, жөндеуден өткізу керек деп шешті. Өйткені, ұзақ жылдардан бергі жауын-шашын, т. б. сыртқы әсерлерден қасиетті қара шаңырақтың қабырғалары ескіріп, тоз-тозы шығып мүжілген-ді. Шатырсыз ғимараттың төбесінен аққан су іргетасына дейін жетіп, қабырғаларының әр жер-әр жері құлап та қалған. Құрайыштар өзара кеңесіп, құрылысқа қажетті материалдарды қайдан табарларын білмей дал болып отырады.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Зәйд ибн Харисаны азат етуі

Кәлб руынан Зәйд ибн Хариса есімді сегіз жасар бала анасымен еріп, нағашыларына қыдырып барған тұста ішкі шайқастар басталып кетіп, Зәйд адасып қалады. Дұшпандар қолына түсіп қалған ол құл болып кете барады. Ол кезде арабтарда құл сататын арнайы базарлар бар. Сондай базарлардың бірінен кішкентай Зәйдті Хазіреті Хадишаның жиені Хаким ибн Хишам төрт жүз дирхәмге саудалап, Меккеге алып келеді. Хазіреті Хадиша кішкентай Зәйдке жаны ашып өз үйіне әкеліп паналатады.