11
Сенбі,
Мамыр

һижри

Сопылық жолдың көрнекті өкілдерінің бірі Жүнайд Бағдади былай дейді:

Ұстазым науқасына орай төсек тартып, жатып қалған болатын. Бір күні ол кісінің халін білмек ниетпен, арнайылап үйіне зиярат ете бардым. Қолымда салқындатқыш желпуішім болатын. Ұстазымның қасына отырып, желпуішпен салқындатқым келіп, жайлап желпи бастадым. Сонда ұстазым маған:

Шейх Мұхаммед Ратиб Наблуси айтады: Қонақ үйлердің бірінде жазылған мына бір сөз маған қатты ұнады"Егер сізді разы ете білсек, біз жайында айта жүріңіз. Ал егер разы ете алмасақ, кемшілігімізді бізге келіп айтыңыз!деген сөз.

Бір сүт сатушы сүт сатып, ақша жинап Алладан қажылыққа баруды сұрайды. Алла жеткізіп он төрт алтын теңге жинап, ақшаны беліне байлап қажылық сапарына аттанады. Теңіз жағасына келіп қажылыққа кетіп бара жатқандардың кемесіне отырады. Кемеде маймылға қалтадан әмиан ұрлауды үйреткен сығандар да бар еді. Сүт сатушы демалып жатқан кезде сығанның маймылы қалтасынан әмианын ұрлап алып биік діңгекке шығып кетеді.

Ағалы-інілі екі кісі болыпты. Екеуінің де бойында тақуалығы мен қоса əулиелігі де бар екен. Олардың біреуі «мына заманда қалада тұрып, көп күнаға батқанша, ешкім жоқ далада жүріп, күнə атаулыдан алыстау болайын» деп тауды мекендеп, мал бағып тіршілігін жалғастырады. Көңілді кірлетіп, жүректі қарайтар харам жоқ жерде намазын да қаза қылмай, құлшылығын да уақтымен жасапты.

Күндердің бір күнінде бір жас жігіт сол замандағы білімпаз ұстазға келіп:

«Сізді іздеп жүрмеген жерім, баспаған тауым жоқ. Жалғанда жер басып жүру маған лайық емес сияқты. Өз-өзімді қолынан іс келмейтін сондай бейшара сезінемін. Айналамдағы адамдар да менің бейшара, сормаңдай екенімді бетіме басып, көре қалса, саусағымен көрсетіп, жығылғанымның үстіне жұдырықтап, мазақтай жөнеледі. Сізден көмек сұрай келдім. Өтінемін, маған көмектесіңізші»  депті.

Бірде Аббаси халифаларынан болған Мамун ислам ғалымдарымен фиқһи мәселелер бойынша әңгімелесіп отырады. Осы сәтте көкесі Ибраһим бин Мәһди ішке кіріп келеді.

– Мен мұсылмандардың арасында тоғыз жыл тұрдым. Ешқандай қорқынышты сезінген емеспін. Тіпті, арамдық ойлағандар да кездеспеді. Кейін арақ пен темекіні татып алмайтын, Ислам туралы біраз білімі бар адам болып Ресейге оралдым.

Ерте, ерте, ертеде Иранның кішкентай бір қаласында жалғыз баласы бар бір жесір әйел өмір сүріпті. Жалған дүниемен қоштасатынын сезген кезде әлгі әйел баласын шақырып былай дейді: «Басымыздан қиын күндерді өткердік, кедейшіліктен бас көтермедік. Бірақ саған үлкен байлық мирас етемін. Кезінде оны маған бір ғұлама берген болатын. Сол кітапта үлкен асыл қазынаға жету жолы жазылған. Оны оқитын менің уақытым болмады. Бірақ сен міндетті түрде оқуың керек – кедейшіліктен құтылып, бай болуың керексің!»