19
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Ибраһим (а.с) пайғамдардың қонақжайлығы

Келген қонақтың ұлты мен дінінің қандай екеніне қарамастан қонақжайлыққа сай сый-сипат жасауды Алланың Өзі Ибраһимге үйретіп, біздерге үлгі еткен.

Асығыстық – көптеген қателіктің басы һәм соған ұрындыратын қозғаушы күш. Адамның сабырлық атты тежегіші істен шықса, асығыстық апаты жағдайларға алып баруы мүмкін. Адам бойын ашу билесе, асығыс шешім қабылдауға, жедел іс-әрекетке көшуге әзір тұрады.

Кім төрт нәрсені айтып, төрт нәрсені орындамаса, ол – өтірікші

Имам Ғазали былай деген екен: «Төрт нәрсені жасамай, төрт нәрсені айтып жүрген кісі – өтірікші!

Сәлем беру – сүннет болса, алу – уәжіп

Сәлемдесу – батыс елдерінде көбінесе «Қайырлы таң! Қайырлы күн! Қайырлы кеш! Қайырлы түн!» болып келеді. Француздар сәнді қалпақтарын көтере бас изесіп, немістер оң қолын көңілдене көтеріп есендік ілтипатын білдіреді.

Өзімді өзгерте аламын ба?

Өзгерте аласыз! Психолог ғалымдар адам егер айнаның алдында тұрғанда немесе белгілі ортада жүргенде жасанды болса да күлімсіреп жүретін болса, көңіл-күйі жақсаратынын айтады.

Өмірде кемшілік жасамайтын екі-ақ адам бар

Ауа жұтып, жер басып жүрген пенденің өмірде ағаттықтан ада, қателіктен күде, періштедей пəк ғұмыр кешуі қиын. Сол себепті әркімнің-ақ кейде жіберіп алған қателігіне басқалардың түсіністікпен қарап, бетке баспағанын қалайтыны белгілі. Осы орайда тағы бір мұсылмандық мінезге салмақ түсері анық. Ол – басқалардың айыбын жасыра білу.

Әдепсіздерден «әдеп» үйрену

О баста журналистік мамандықты таңдаған өзі. Енді міне табанынан тоздырып сұқбат алу үшін бүгін де бір кісіге баруы керек. Атағы дардай бұл өнер адамын бірнеше рет хабарласып жүріп əрең көндірген. Онсыз да танымалмын, атағым жер жарып тұр дей ме, жоқ көкірегіне нан пісіп дандайси бастағандікі ме, əйтеуір, сұқбат алу үшін хабарласа қалса, уақыты жоқтығын айтып бастарын алып-қашатын осындай кісімсымақтарға іштей зығырданы қайнайды.

Ана – иләһи құдіретпен кеңейтілген рахмет құшағы

Әр жандының әу бастағы бірдей қасиеті – әлсіздікпен дүниеге келуі. Осыған орай олардың бұл әлсіздіктерінен қүтылып, кемелдікке қарай ілгерілеулері үшін мейірім мен жан ашырлыққа мұқтаждығы бар. Ағаштың бүршіктенуінен адам баласына дейін күллі жандыларда жағдай бірдей.

«Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың»

Адам баласына берілген ең баға жетпес құндылықтардың бірі – уақыт. Бүгінгі күні дамыған өркениетті елдерге бара қалсаңыз, кез-келген адамның осы уақыт мәселесіне келгенде тым сараң екенін байқайсыз. Өйткені олар уақыттан ұтылған жағдайда көп нәрседен қағылатындықтарын жақсы біледі.

Мына үш нәрсені жасамай білім еш пайда бермейді

Яһудилерде сексен сандық кітап жинап, бірақ сол білімнен пайда алмаған бір кісі болыпты. Сонда Алла Тағала сол замандағы пайғамбарға былай уахи етіпті: