21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Махмұд Қашқаридың мирас еткен даналығы

Ұлы тұлғалар
Жарнама

Махмұд әл-Қашқари, Махмұд әл-Хүсейн ибн Мұхаммед – ХІ ғасырдағы Орта Азиядағы атақты түрколог. Әкесі Хүсейін ибн Мұхаммед Барысқанның әміршісі болған.

Махмұд Қашқари Шу топырағындағы Барсхан қаласындағы ХІ ғасырда дүниеге келген, өзінің де, ата-бабасының да өскен, өркен жайған аймағы осы аталған жер. Атақты ғалымның туған және қайтыс болған мезгілі анық емес.

Ғұламаның бізге қалдырған басты еңбегі «Диуани лұғат-ит-түрк»/«Түркі тілдерінің сөздігі»/ атты әлемге әйгілі кітабы. Бұл еңбек – ерте орта ғасырдағы түркілер жайлы жазылған энциклопедия. Онда ХІ ғасырда өмір сүрген түркі тайпаларының өмірі, ру-тағам аттары, асыранды, жабайы жануарлар, өсімдік әлемі, астрономия, апта аттары, географиялық терминдер, геологиялық, дәрігерлік, анатомиялық түсініктер, әскери, спорт түсініктемелері, дін туралы құнды мағлұматтар берілген.

Бұл аталған еңбектің жалғыз қолжазбасы Түркияның Стамбұл қаласындағы кітапханада сақтаулы.

Әлемге әйгілі бұл еңбекті филология  ғылымының докторы, профессор Асқар Құрмашұлы Егеубай көне түркі тілінен қазақ тіліне аударып шығарды.

Махмұд Қашқари – түркі тілтану ғылымының негізін қалаған, әлемнің көне картасын, оның ішінде тұркі халықтарының мекен-жайын белгілеген дөңгелек карта сызған ғалым.

 

Бисмилләһир Рахманир Рахим!

Ала Мейірімді, ерекше Рахымды Алланың атымен / бастаймын/!

Жаны кедей адамның құлқыны бір тоймайды,

Оны ешқашан кұшпенен толтыруға болмайды

***

Дүниеге құнықсаң сені орға жығады,

Данышпандар шыныққан оның мәнін ұғады.

***

Менен ұлым, ақыл ап, жақсы жолға жаратқын,

Елдің дана ұлы боп, біліміңді таратқын.

Іске асығыс кіріспе, иінін біл тұрақты,

«Жағамын» деп асыққан өшіреді шырақты.

***

Сен қуанба, түйе, жылқы, күлікке,

Алтын, күміс, таза мата, мүлікке.

Мал-мүлікті «жау» деп еске түйесің,

Санаң болса, жауды қалай сүйесің?

Жиған малың «топан суы» деп ойла,

Домалатар қойтастай қып иесін.

Құдай беріп, қонса бақыт – әркім де,

Домалатар тасын тауға әр күнде.

Ел бұзылды байлық қуып, мал жиған,

Күшігендей өліксеге қонжиған.

Сақтайды жұрт малын жемей қаржылап,

Сараң алтын жия берер зар жылап.

Туыс емес – малдың қамын жасады,

Жақынымен иттей ырылдасады.

***

Көрші ағайын туысқа,

Аса құрмет қылайық,

Тарту алсаң – дайында

Қарымтасын лайық.

Біреу күле қараса –

Жылы жүзбен таста көз,

Сақта тілді жаманнан,

Жақсы ой тілеп, баста сөз.

Басқа қиын іс түссе,

«Өтеді» деп сіркесін.

Заман ісін біліп тұр,

Соған қарай күрескін.

Қайыр қылсаң – тиеді,

Адам құл ғой қарынға.

Қалған малың құриды,

Кірсең қара орынға.

***

Алла соққан бұл ғалам,

Шыр айналып дөңгелер.

Жұлдыздары жыпырлап,

Күнді аударып, түн келер.

***

Алла аспанды жаратты,

Ақық сеуіп таратты,

«Таразыны» бар етті,

Күнді аударып, түн келер.

***

Бір Иемді мақтаймын,

Білім жинап, сақтаймын,

Жақсылықты жақтаймын,

Бар көңілімді бағыштап.

«Он ғасыр жырлайды» кітабы 

Бөлісу: