11
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Жел шықса ішкі дәрет алына ма?

Сұрақ-Жауап

Сұрақ:

Салам алейкум, мазалап жүрген сұрағым бар еді: жел шықса ішкі дәрет алына ма?

 

Жәнібек

Алейкум салам.

Жауап:

Жел шыққан жағдайда дәрет бұзылады. Пайғамбарымызға (с.ғ.с) намазын оқып тұрып желі шыққандай сезінген адам не істеуі керектігі туралы сұралғанда:

لا يَنْصَرِفُ حَتَّى يَسْمَعَ صَوْتاً أو يَجِدَ رِيْحاً

«Дауысын естіп, иісін байқамайынша намазын тоқтатпайды» – деп жауап берген-ді (Бухари, Муслим). Осы хадиске сүйеніп ғалымдар адамның желінің шығуы оның дәретін бұзады деп бірауыздан келіскен.

Алайда жел шыққаны үшін ішкі дәрет алына ма деген сұраққа келсек, ол шариғатта құпталмайды, керісінше ғалымдар бұны мәкрүһ пен харамның арасында қарастырған. Осы бапта әлсіз бір хадисте:  «ليس منا من استنجى من ريح» (Жел шыққаны үшін ішкі дәрет алған бізден емес) делінген (Ибн Асакир)

Төрт мазхаб ғалымдарының барлығы бірауыздан «жел шықса ішкі дәрет алынбайды» деген. Мысал ретінде төрт мазхаб ғалымдарының айтқандарын келтірейік:

  • Ханафи мазхабы; Имам Касани (р.а) айтты: «Жел шыққаны үшін іш дәрет алынбайды, себебі ол формасы анық нәжіс емес» (Бадаиғус-санаиғ). Жалпы ханафи мазхабы бойынша желден кейін іш дәрет алу бидғат амал болып табылады.
  • Малики мазхабы; Мудаууана кітабында Имам Маликтің (р.а): «Жел шыққаны үшін ішкі дәрет алынбайды, іш дәрет үлкен әрі кіші дәретте алынады, ол кезде нәжістің бөлінген жері ғана тазаланады»–дегені айтылған.
  • Шафиғи мазхабы; Имам Науауи (р.а) «Мажмуғ» кітабында: «Ғұламалар бірауыздан желден кейін іш дәрет алудың керек емес екеніне келіскен»–деді.
  • Ханбали мазхабы; Имам Ибн Қудама (р.а) «Муғни» кітабында «Ұйқыдан оянған және желі шыққан адам ішкі дәрет алмайды» деген сөзінен кейін Имам Ахмадтың: «Жел шыққаны үшін ішкі дәрет алу туралы Алланың кітабында да, Алла елшісінің сүннетінде де айтылмаған» – дегенін жеткізді.

Ummet.kz

Бөлісу: