14
Сейсенбі,
Мамыр

һижри

АБАЙ-175: «МҰНАРА» газеті байқауының жеңімпаздары анықталды

18 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Мұнара» газеті жыл басында авторлар мен оқырмандар арасында «Абай сөзі – ұрпақ темірқазығы» атты шығармашылық байқау жариялаған болатын. Бүгін байқаудың жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

ҚМДБ-30: Ай сайын 30 адамға тегін ем-дом жасалады (ФОТО)

18 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «30 жылдық мерейтойға – 30 игі шара» аясында жер-жерде қайырымдылық жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Құдайы ас орнына 100 отбасыға қайырымдылық жасады

17 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазіргі карантин жағдайына байланысты Мұрат Құрметұлының отбасы үлкен ас беруден бас тартып, көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратып берді, деп хабарлайды semey-meshet.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі. 

Әйел адамдар үшін Телеграмда чат-канал ашылды

17 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Чат-канал арқылы ару-аналар әйел ұстаздарға сұрақ қоя алса, ашылғанына аптаға жетпейтін уақыт ішінде 200-ден астам сауал келіп түскен,  деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

ҚМДБ: Мәжілісте бірқатар мәселе қаралды (ФОТО)

17 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Кеше Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен кезекті ҚМДБ Аппарат жиналысы өтті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Смайыл Сейтбеков оқырман сұрақтарына жауап береді

16 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – «Call-орталықтағы сұрақ-жауап» жалғасады. Бейсенбі, 17 қыркүйек күні сағат 15:00-де ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі, Ғұламалар кеңесінің мүшесі, исламтанушы-ғалым Смайыл Сейтбеков «Білім апталығына» орай «Білім – сарқылмайтын кен» тақырыбында сұрақтарға жауап береді, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Елорда имамдарының жалпы жиналысы өтті (ФОТО)

16 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі қызметкерлерінің жалпы жиналысы болып өтті. Қала бас имамы Ерболат Жүсіповтың төрағалығымен өткен жиынға Елордадағы 12 мешіттің бас имамдары мен наиб имамдары қатысып, бірқатар маңызды мәселелерді талқылады, деп хабарлайды ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Muslim.kz сайты «РУХАНИЯТ TIME» жобасын бастады

16 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Muslim.kz сайты жаңа жобаның тұсауын кесті. «Руханият TIME» деп аталатын бағдарламада имамдар тың тақырыптар төңірегінде ой бөліседі, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«АСТАНА» медресесінің маңы абаттандырылды (ФОТО)

14 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігіне қарасты «Aqmeshit» мешітінің ұйытқы болуымен «Астана» медресе-колледжі мен мешіт ауласында тазалық жұмыстары жүргізіліп, абаттандыру мақсатында арнайы шырша ағаштары отырғызылды, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Отбасы күніне орай мешітте өткен мерекелік шара (ФОТО)

14 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің жалпы ұжымына Отбасы күніне орай мерекелік шара өтті, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«ТАЛАБА» қауымдастығы Абай мұраларын ұлықтады

12 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ жанындағы «Талаба» қауымдастығының Түркия мен Мысыр елдеріндегі мүшелері арасында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай және бүгінгі заман» атты шығармашылық сайыс өтті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.