29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Бас мүфти Сәдуақас қариды қабылдады (ФОТО)

17 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз белгілі қари, «Қауам Ад-дин Әл-Итқани Әл-Фараби Әт-Түркістани» республикалық қарилар дайындау орталығының директоры Сәдуақас Олжабайұлын қабылдады, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Қазақ Ұлттық университетінде Ислам қаржы орталығы ашылды (ФОТО)

17 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Экономика және бизнес жоғары мектебінде «Астана халықаралық қаржы орталығы» және Катар Хамад бин Халифа университетімен ынтымақтастық негізінде бірегей Исламдық қаржы орталығы ашылды, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бас мүфти «Жусан-2» операциясы бойынша сұхбат берді (ФОТО)

17 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз «Жусан-2» операциясына қатысты «Хабар 24» арнасына сұхбат берді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«Берекелі Рамазан» дастарханына боксшылар шақырылды (ФОТО)

17 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Кеше республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі «Берекелі Рамазан» дастарханына еліміздің атын әлемге танытып, көкбайрағын желбіретіп жүрген боксшылар қауымы шақырылды, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Д.Абаев: Ел басшылығы Сирияға кеткен қазақстандықтардың барлығын қайтарып алуға ниетті

14 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Жусан-2» операциясына қатысты пікір білдірді, деп жазады ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған ummet.kz тішісі.

Көне Тараз қаласының орнынан жәдігерлер табылды

16 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz –Тараз қаласында Қараханидтер дәуіріне тиесілі құнды жәдігерлер табылды. Бірегей заттар «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығының маңынан қазылып алынды, деп хабарлайды baq.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тішлісі.

ҚМДБ: Дәстүрлі дін өкілдері сұхбаттасты (ФОТО)

15 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз еліміздегі Орыс православие шіркеуінің Қазақстан және Астана митрополиті Александр бастаған делегацияны өз өтініштері бойынша қабылдады, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі. 

«Әзірет Сұлтан» мешітінде тегін тігін үйірмесі ашылды (ФОТО+ВИДЕО)

14 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Алтын ине» тігін үйірмесінің ашылу салтанаты болып өтті. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен іске қосылған тігін үйірмесі «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі әйел жамағатын шеберлікке баулып, тігіншілік өнердің қыр-сырына тегін үйрететін болмақ, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Қажылыққа апаратын туристік операторларға қойылатын талап күшейтілді (ВИДЕО)

14 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Биылдан бастап олардың қызмет көрсету сапасы егжей-тегжейлі тексеріледі. Мұны Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы жанынан ашылған арнайы комиссия қолға алып отыр. Комиссия өкілдері компанияларға қатысты халықтың да, Сауд Арабиясы тарапынан айтылатын ескертпелердің де назардан тыс қалмайтынын жеткізді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Белгілі блогер 111 жылдық тарихы бар мешітке назар аудартты

13 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Белгілі блогер Әлішер Елікбаев 111 жылдық тарихы бар мешіттің қараусыз қалғанын жазды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан өкілдігінің ұйымдастыруымен «Рамазан керуені» жолға шықты (ФОТО+ВИДЕО)

12 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай бүгін Нұр-Сұлтан қаласында «Рамазан керуені» жолға шықты. ҚМДБ Нұр-сұлтан өкілдігі «Рухани жастар» ұйымының ұйытқы болуымен басталған игі бастамаға қаладағы 10 құлшылық ордасының қызметкерлері мен жамағаты, еріктілер ұйымдары мен белсенді студент жастар, Нұр-Сұлтан қаласы Дін проблемаларын зерттеу орталығының қызметкерлері жұмыла атсалысып, қайырымдылық керуенінің қатарын көбейте түсті, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.