29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Бас мүфти медресе директорларына жиналыс өткізді (ФОТО)

28 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз медресе-колледж директорларымен кездесіп, орта діни оқу орындарының, қарилар орталықтарының жұмысын жандандыру бойынша әңгімелесті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Назарбаев Қасиетті Рамазан айының құрметіне ауызашар берді (ФОТО)

26 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Рамазан айының құрметіне дастархан жайып, ауызашар берді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бірінші наиб мүфти америкалық сарапшылармен сұхбаттасты (ФОТО)

24 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz  –  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының Бірінші орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік департаментінің діни азшылық жөніндегі арнайы кеңесшісі Нокс Темз бастаған делегацияны қабылдады, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бас мүфти қара шаңырақ – ҚазҰУ студенттеріне дәріс оқыды (ФОТО)

23 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлының арнайы шақыруымен осы оқу ордасында өткен ауызашар дастарханында болып, студенттерге дәріс оқыды, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Мектеп бітіруші түлектер мешітке келіп, үлкендердің батасын алды (ФОТО+ВИДЕО)

22 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елордамыздағы мектеп бітіруші түлектерге арналып республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Жолың болсын, жас түлек!» атты рухани шара болып өтті, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бас мүфти Шымкентте ауызашар берді (ФОТО)

22 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Шымкент қаласындағы «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» атындағы орталық бас мешітінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының атынан дастархан жайылып, ауызашар берілді, деп хабарлайды Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Алматы: Бас мүфти зиялы қауымға ауызашар берді (ФОТО)

20 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазрет Алматы қаласында дініміз бен ұлтымыздың жанашыр арда азаматтарының басын қосып, қасиетті Рамазан айының құрметіне ауызашар дастарханын жайды, деп хабарлайды azan.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бас мүфти Елорда имамдарымен кездесті (ФОТО)

21 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Елорда имамдарымен кездесті. Кездесуге ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев қатысты, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі. 

Президент: Бейбітшілік жолында Қазақстан мен БҰҰ ынтымақтастығы арта береді

20 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бітімгершілік миссиясымен Ливанда игілікті істерін табысты аяқтаған БҰҰ-ның алғашқы қазақстандық тобы аман-есен елге оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігінің сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Түрлі ұлт өкілдері «Берекелі Рамазан» дастарханында бас қосты (ФОТО+ВИДЕО)

20 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Нұр-Сұлтан қаласындағы түрлі ұлт өкілдері республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде бас қосып, «Берекелі Рамазан» дастарханынан ауыз ашты, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Мешіттегі семинарға БҰҰ елшісі қатысты (ФОТО)

18 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қасиетті жұма күні республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Исламдағы әйел бейнесі» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.