06
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Тағдырға, оның жақсылығы мен жамандығына иман келтіру

Тағдырға иман келтіру – иманның алтыншы тірегі. Оның мағынасын Имам ән-Нәуәуи «әл-Арбаъун ән-Нәуәуия» (ән-Нәуәуидің қырық хадисі) атты кітабының шархында: «Алла Тағала барлығын әу бастан тағдыр еткен және олардың Өз алдындағы белгілі бір уақыт пен орындарда болатынын білген. Мұның барлығы Алла Тағаланың тағдыр еткені бойынша орын алады», – деп түсіндірген.

Өкпе, реніш несімен қауіпті, онымен қалай күресу керек?

Өмірде ренжіте алмайтын, ызаландыра алмайтын, қорлай алмайтын адамдарға жолыққан шығарсыз. Кішкене ғана ескерту жасай алмайтын адамдар болады, көпшілік оларды ренжіту «шыңмен немесе сарқырамамен күресумен тең» деп айтады.

Білген ілімін іште сақтап, жасырып қалуға болмайды

«Біз адамдарға кітап арқылы дұрыс жолды айқындап бергенімізден кейін де, біз аян еткен дәлелдер мен тура жолды жасырып бүркемелейтіндерге Алла лағынет жаудырады. Қарғыс айтатындар да лағынет жаудырады. Бірақ, тәубе етіп, (өз істерін) түзеткендер және шындықты айқындағандар басқа. Мен олардың тәубесін қабылдаймын. Шынында мен, тәубе қабылдағышпын, ерекше мейірімдімін». («Бақара» сүресі, 159, 160 аяттар).

Неге қанша дұға етсек те дұғамыз қабыл болмайды?

Ибраһим ибн Әдһамнан «Маған дұға етіңдер, (тілектеріңе) жауап беремін» (Ғафыр, 60) деген аят туралы «Біз қанша дұға етсек те, дұғамыз қабыл болмайды» деп сұрағандарға былай депті: