19
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Адамның фантазиясы жетпейтін рахат

Алланың разылығын көздеу – ең таза кіршіксіз сезім.  Өйткені, онда Жаратушыны тану, іштей жақсы көру, терең шүкіршілік сезімдері басым тұрады. Адамзат таңдаулылары пайғамбарлардың бәрі де өмірде Алланы разы етуді мақсат еткен. Оны ардақты Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дұғаларынан да байқаймыз.

Жұма намазында сіз білуге міндетті болған амал

иманЖұма күні – күндердің ең абзалы әрі мұсылмандардың мейрамы болып есептелінеді. Сонымен қатар бұл күні жұма намазы оқылады. Егер мұсылман бұл күнді және жұма намазды қадірлеп, әдептерін ұстанса Алла оның сауабын арттырып, күнәларын кешіреді.

«Алланың құлағына шалынсын» деп айтуымыз дұрыс па?

Жиын, тойларда тілек білдірудің соңында «Алланың құлағына шалынсын» деп айтып жатамыз. Осылай айтуымыз қаншалықты дұрыс? Аузымыздан тастамайтынымыз сондай, қонақта отырып, тойларда тұрып тілек айтқанымызда «осы тілегімізді  «Алла қабыл алсын, Құдайдың құлағына шалынсын, Құдайдың құлағы бір күн ашық, бір күн жабық» дейміз.

«Жыныма тиме», «жыным келіп тұр» деп айтуымыздың сыры

Әр адамның бойында бір бекітілген жыны болады. Оны «Қарин» деп атайды. «Қарин» - жолдас, жақын, ілескен, қабаттасқан, сыбайлас деген мағыналарға саяды. Құранда : «Оның сыбайласы (шайтан) былай дейді: "Раббым! Оны, мен аздырмадым. Өзі де ұзақ адасуда еді" – деген аят бар. Осы аятта шайтанға «қарин» сөзі қолданған.

Алланың қамқорлығында болғыңыз келсе...

Әбу Һурайра ﴾р.а.﴿ жеткізген хадисінде: «Жеті түрлі адамға Алла тағала ешбір сая жоқ күні аршының көлеңкесінен жай береді, Олар: әділ имам (басшы); Аллаға бойұсынып, ғұмырын құлшылықпен өткізген жас жігіт; мешітке жүрегі байланған кісі; бірін-бірі Алла жолында жақсы көріп, Алла разылығы үшін бас қосып, Алла разылығы үшін мәжілістерінен айырылатын екі адам; мансапты да көрікті әйел шақырғанда: «мен Алладан қорқамын» деп харамнан қашқан ер кісі; Оң қолы бергенін сол қолы білмейтіндей жасырын садақа еткен кісі; жалғыз қалғанда Алла тағаланы еске алып, егіліп көзіне жас алған адам», – деп баян етілген.

Өміріміздің барлығын құлшылықпен өткізуіміз мүмкін бе?

Егер сізге біреу ұзақ жыл бойы үзбей жақсылық жасап, барлық қажетіңізді өтеп тұрса, сізді бір сәтке де жалғыз қалдырмай, үнемі жаныңыздан табылса, не істер едіңіз? Оны да риза ететін бір нәрсені жасағыңыз келер еді, солай ма?

Аллаға жек көрінішті еркектер

Көпшілік қауым ерлік, ер, азамат болу кез-келген ер адамның өзгермейтін қасиеті деп есептейді. Биологиялық тұрғыдағы сипаттамалардың болуы нағыз еркек болуды анықтамайды.  Аллаға жеккөрінішті болмау үшін ер азаматтар мына қасиеттерді ескеруі тиіс: