17
Жұма,
Мамыр

һижри

Дұға парыз намаздан кейін дереу жасалу керек пе?

Мешітте парыз намаз біткеннен кейін жалпы жамағат намаздың соңғы сүннетін оқиды. Сосын ғана зікір тартып (33 рет Cубханалла, 33 Әлхамдулиллә, 33 рет Аллаһу әкбар), дұға жасайды. Ал бірен-саран кісілер парыз намаздан кейін бірден зікір, дұғаларын жасап жатады.

Бекітілген және бекітілмеген сүннет

Сүннет – Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жасаған және «жасаңдар» деген әрі жасағанын қолдаған іс-әрекеттер.

Пайғамбар (с.ғ.с) мен сахабалардың түнгі намазға айрықша мән беруі

Абдуллаһ ибн Қайс (р.а.) әңгімелейді: Хазірет Айша былай деген еді: «Түнгі намазды бірде оқып, бірде оқымай тастап кетуге болмайды. Өйткені Алланың елшісі түнгі намазды қаза қылмайтын. Сырқаттанып қалса немесе қатты шаршаса, отырып оқитын».

Намазда қолды кіндіктен төмен байлау – сүннет

Тәкбірден кейін қол байлау – сүннет. Ал, кіндіктен төмен ұстау - абзал. Тақуалыққа ең жақыны – осы. Қол байлағанда оң қолдың басбармағы және кішкентай саусағы арқылы сол қолдың білезігінен қапсыра ұстайды.

Дұғадан соң бет сипау дұрыс па?

Дұға жасайтын кезде екі қолды көтеріп, дұғаның соңынан бет сипау – мұстахаб. Оған мына төмендегі хадистер дәлел: