26
Жұма,
Сәуір

һижри

«Намазды күн сайын оқи бергеннен жалығып кетпейміз бе?»

Кейде нәпсіміз бізге намаздың күн сайын оқылуын ауыр көрсетуі мүмкін. Ойланып көрейікші, күн сайын тамақ жейміз, су ішеміз, ұйықтаймыз. Бұдан жалықтым деген пендені көрдіңіз бе? Әрине, жоқ.

Намаз оқып жатқанда кішкентай бала алдыңнан кессе, намаз бұзыла ма?

Намаз оқып тұрған кісінің алдынан кішкене бала кесіп өтсе немесе алдында ойнаса намазы бұзылмайды, бірақ мүмкін болса бала алдын кесіп өтетін кезде қолымен ишара жасап, өтуіне кедергі жасауға тырысқаны абзал, оған қарамастан алдынан өтіп жатса зияны жоқ.

Ата-анам намазыма қарсы, не істеймін?

Ата-ананың разылығын алу, оларға деген құрмет көрсету, қарсы шықпау дініміздің басты бұйрықтарының бірі екені баршамызға мәлім. Көптеген Құран аяттары мен хадистерде ата-анаға жақсы мәміле жасау жайында айтылады.    

«Тәкбір-тәхримада» неге бас бармақты құлақтың сырғалығына тигізеді?

Намаз бастайтын кезде алынатын тәкбірді «ифтитах тәкбірі» дейді. Басқаша атауы – «тәкбір тахрима», яғни, «харам етуші», «тыйым салушы тәкбір» дегенді білдіреді.

Намазда «Фатиха», «Зам» сүрелерінің алдында «бисмиллә» айтыла ма?

Ханафи мәзһабы бойынша Құранда келген барлық «бисмиллә» Құран аяты болып есептеледі. Өйткені, Құран парақтарында уахи ретінде жазылғанның бәрі – аят. Мұнда талас жоқ.

Тарауық тасбихын айту шариғатқа қайшы ма?

Тарауықтың әрбір төрт ракағатынан кейін және үтір намазынан бұрын төрт ракағат намаз мөлшеріндей отыру сәләф (алдыңғы буын) ғалымдарынан мұра ретінде жетіп келген.