29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Пайғамбардың (с.ғ.с) Шағбан айының соңында айтқан насихаты

Бірер күннен соң, көптеген мұсылмандар әр жыл сайын асыға күткен қасиетті Рамазан айы басталады. Осы орайда, сүйікті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) Шағбан айының соңғы күні өзінің ардақты сахабаларына жасаған құтбасы баяндалған мәшһүр хадисті назарларыңызға ұсынамыз.

Ауызашар мен сәресі уақытында жіберетін 10 қателік

Рамазан айында ораза ұстау барысында денсаулыққа қатысты ескеретін маңызды мəселелер бар. Себебі, ораза кезінде жасаған қателіктеріміз денсаулығымызға зарарын тигізуі мүмкін.

Аузы ораза әйелдің ораза ұстамайтын отағасына тамақ жасап беруі күнә ма?

Тамақ істеген адамның оразасы бұзылмайды. Мұрынға келетін тамақтың иісі де оразаны бұзбайды. Сол себепті, ауыз берік кезде тамақ істей берудің ағаттығы жоқ. 

Рамазан айында істелуі керек 6 құлшылық түрі

Рамазан айы – айлардың сұлтаны. Алла Тағала бұл айды көптеген артықшылықтармен ерекшелендіріп қойған. Бұл ай – сауаптар еселеніп берілетін ай. Бұл айда істелген бір жақсылық, өзге айда істелген парыз амалдың сауабына тең. Бұл айда істелген бір парыз амал, өзге айларда істелген жетпіс парыз амалдың сауабына тең. (Хадис. Ибн Хузаймын).

Алғаш рет ораза ұстайтын кісілерге қажетті мәліметтер

Рамазан оразасы – Исламдағы бес парыздың біреуі. Оған Құран мен сүннет дәлел. Құранда Аллаһ Тағала былай дейді: «Ей, иман еткендер! Сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді»[1].

Рамазан айында ауызашар берудің сауаптылығы

Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің бірнеше хадистерінде ораза ұстаушыға ауыз аштырған адамға ораза ұстағанның сауабындай сауап берілетіндігі әрі ауыз ашқан кісіден сауабы еш кемітілмейтіндігі айтылған. Тіпті бір құрма немесе бір жұтым су беріп болса да ауыз аштырған мұсылманға берілер сауабы мол делінген.

Ораза ұстасам, қатты ауырамын. Рамазан айында ораза ұстау маған парыз бола ма?

Алла Тағала құлына тек күші жететін нәрсесін ғана міндеттейді[1]. Өйткені Ұлы Жаратушы иеміз бізге ауырлық емес, жеңілдік қалайды. Сондықтан Алла Тағала ауырған адамға ораза тұтпауына рұқсат берген.