27
Сенбі,
Сәуір

һижри

«Дәреттің парызы» туралы аяттың тәпсірі

«Дәреттің парызы» туралы аяттың тәпсірі

Ислам тарихы

Алла Тағала: «Уа, мүміндер! Намазға тұрар алдында беттеріңді жуыңдар, қолдарыңды шынтаққа дейін (яғни, шынтақты қоса) жуыңдар, бастарыңа мәсіх тартыңдар және аяқтарыңды тобыққа дейін (яғни, тобықты қоса) жуыңдар» («Мәйда» сүресі, 6-аят) деген.

Имам Матуриди, Құрандағы: «Уа, мүміндер! Намазға тұрар алдында беттеріңді жуыңдар, қолдарыңды шынтаққа дейін (яғни, шынтақты қоса) жуыңдар, бастарыңа мәсіх тартыңдар және аяқтарыңды тобыққа дейін (яғни, тобықты қоса) жуыңдар» деген аяттың тәпсірінде: «Аяттың заһири (сыртқы) мағынасына қарайтын болсақ, Алланың парыз еткен әр намазына тұрған сайын (дәрет бұзылсын, бұзылмасын) дәрет алу міндет болады. Бірақ, үкім аяттың астарлы мағынасы негізінде, яғни, намазға тұратын кездеріңде «дәретсіз болсаңдар», онда «беттеріңді жуыңдар, қолдарыңды шынтаққа дейін (яғни, шынтақты қоса) жуыңдар...» делініп тұр. Сондай-ақ, кейбір адамдар аяттың заһири мағынасын алып, әр намаз үшін дәрет алуды міндеттеген. Алла елшісінің (с.а.с.) әр намаз үшін дәрет алғандығы жайлы Әбу Бәкір, Омар, Осман (р.а.) сынды сахабалардан жеткен риуаяттар бар. Алайда, Алла елшісінің (с.а.с.) Меккені азат еткен күні, бір дәретпен бес уақыт намаз оқығанын көрген Омар (р.а.): «Уа, Алла елшісі! Бұрын істемеген істі жасадыңыз-ғой», - дейді. Сонда Алла елшісі (с.а.с.): «Уа, Омар! Мен бұл істі әдейі істедім» (Мүслим, 277; Ахмад, 5/358) деген. Ал, Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.а.с.): «Үмметіме қиындық туғызбағанда, әр намаз үшін дәрет алуға және миуак қолдануға әмір етер едім» (Ахмад, 2/460) деген.

Біздің көзқарасымызда, әр намаз үшін дәрет алуға қатысты риуаяттар, әр намаз үшін дәрет алудың міндетті іс екендігін білдірмейді. Бәлки, мүстахаб (ерікті) амал екендігін ұқтырады. Оған дәлеліміз, Алла елшісінің (с.а.с.): «Уа, Омар! Мен бұл істі әдейі істедім» деген сөзі» деп, дәретке қатысты кейбір жаңсақ пікірлерді түсіндіре келе, «аяттың жалғасындағы біреулер сөзінَ деп фәтхамен оқып, аяттың басындағы «сөзімен байланыстыра отырып, жүзді және қолды шынтақпен бірге жуу парыз болғаны сияқты аяқты да жуудың парыз біреулер Енді. айтады екендігін алдындағы, оқып кәсрамен деп сөзімен байланыстыра отырып, дәретте басқа мәсіх тартылатыны сияқты аяққа да мәсіх тартылады деп біледі. Бірақ, бұл «дәретте аяққа мәсіх тартылады» дегендердің көзқарасы дұрыс емес» [25, 4/166-169 бб.] – деген.

Имам Матуриди, аятты түсіндіру барысында, әуелі, дәреті болмаған адам үшін намазға тұрарда дәрет алуын парыз десе, екіншіден, аяқты жуу да дәреттің бір парызы екендігін баса айтады. Әрі аятты бұрмалап түсіндірген белгілі бір ағымдардың қата көзқарасын ашып көрсетіп, одан сақтандырады. Дәреттің төрт парызының бірі болған басқа мәсих тарту – су қолымен немесе басқа жерде қолданылмаған судың ылғалымен басты сипап өту. Ханафи мәзһабы бойынша, дәрет алған кісі басының төрттен біріне мәсих тартуы – парыз. Құранның: «Бастарыңа мәсих тартыңдар» аятындағы тигізу мағынасын білдіретін «Бә» әрпіне Мұғира ибн Шұғбаның (р.а.): «Пайғамбарымыз (с.а.с.) (насияға) бастың алдына мәсих тартты» деген хадисіне негізделіп түсіндірме берген. Яғни, бас – алды, арты және екі жаны болып төрт бөліктен тұрады. Бір бөлігі болған алдына мәсих тарту арқылы парыздық міндеті түседі. Ал, әйел адамда дәрет алғанда ерлерге ұқсас басының төрттен біріне мәсих тартуы – парыз. Дәретте басқа су өткізбейтін сәлденің үстіне мәсих тарту дұрыс болмағаны сияқты орамалдың үстінен де мәсих тарту дұрыс емес [32, 1/71 б.]. Бір хадисте: «Расында Айша (р.а.) анамыз қолын орамалының астына кіргізіп, басына мәсих тартып жатып: «Мені Алла елшісі (с.а.с.) осылай істеуге бұйырды – деді» [33, 283 х.] делінген.

Ханафи мәзһабы бойынша, дәреттің парызы төртеу болса, басқа мәзһабтар дәретке қатысты бір бөлім хадистерге сүйене отырып,«Дәретті ретімен алу», «оңнан бастау» сынды кейбір амалдарды да дәреттің парызына жатқызады. Мұның сыры неде деген сұрақтың туындауы әбден мүмкін. Бұл жерде Ханафи мәзһабының кез-келген мәселеге үкім беруде әуелі Құран аяттарын басшылыққа алатындығын көреміз.

Яғни, Ханафи мәзһабы Ахад (азғана кісілердің жеткізген хадисі) жолымен жеткен хадистің дәлел саналуы үшін, ондай хадистің Құранның хас – жалқылық мағынасын білдіретін үкімдеріне қайшы келмеуі шарт. Себебі, Құрандағы хас сөздер қатғи (кескін) дәлел болып, сол сөзге толықтай амал ету міндет болады. Ал, ахад жолымен жеткен хадис сахих болғанына қарамастан, занни (кескін емес) дәлел болғандықтан Құранның хас сөздерінен шығатын үкімді мәнсух ете (үкімін жоя) алмайды. Бірақ, ахад хадиске Құрандағы хас сөздерінің беретін үкімі төңірегінде қосымша амал етуге болады. Соның бір дәлелі, Құрандағы: «Уа, мүміндер! Намазға тұрар алдында беттеріңді жуыңдар, қолдарыңды шынтаққа дейін (яғни, шынтақты қоса) жуыңдар, бастарыңа мәсіх тартыңдар және аяқтарыңды тобыққа дейін (яғни, тобықты қоса) жуыңдар» деген аяттағы әмір етілген төрт іс дәреттің парызы болып табылады.

Ал, занни дәлел саналатын ахад хадистерде негізінде келген: дәретке ниет ету, дәретті тәртібімен алу, дәрет істерінің арасын үзбей алу және «Бисмилләһ...» сөзін айту секілді мәселелердің үкімі сүннет болып есептелінеді. Құранның қатғи (кескін) дәлелі мен занни дәлел болған ахад хадистің арасында қайшылық болмағандықтан, әр екеуіне де өз деңгейінде амал етіледі.

материал «Үкім аяттардың тәпсірі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: