20
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Батыс ғалымдарының дінді төрт негізге бөлуі

Батыс ғалымдарының дінді төрт негізге бөлуі

Ислам тарихы

Араб тілінен енген «дін» сөзі сөздікте әдет-ғұрып, сый-сияпат, бағыну, есеп беру, мойынсұну, үстемдік, патшалық, жарлық, қабыл етілген құлшылық, шариғат» секілді көптеген мағыналарды қамтиды.

Батыс ғалымдары дінді төрт негізге бөліп былайша анықтама берген:

1. Саналық негіз. Адамның өзінен үстем ұлы бір күш пен құдіреттің бар екенін ақыл таразысымен өлшеп, саралап қабыл етуі. Мұндай тәңірлік ұғым яки жалпылай айтқанда, қасиетті ұғым барлық діндерде бар негіз.

2. Сезімдік негіз. Саналы түрде қабыл етілген ұлы бір күш пен құдіретке жан жүрегімен берілген сезім.

3. Құлшылық негіз. Саналы түрде қабыл етілген, жүрекпен берілген ұлы күшке кейбір іс-әрекеттер жасау міндеті.

4. Қоғамдық негіз. Саналық, сезімдік, құлшылық негіздерді бөліскен адамдардың құраған қоғамдық негізі. Ислам ғұламалары діннің анықтамасын Құран мен Исламның сенімдерін есепке ала отырып, былайша берген: «Дін – ақыл иелерін өз еріктерімен ізгілік пен туралыққа жеткізетін иләһи (құдайлық) заңдар жиынтығы».

Жалпы діндер тәңірлік діндер, тәңірлік емес діндер болып екіге бөлінеді:

1. Иләһи тәңірлік діндер. Бұған Яһуди, Христиан, Ислам діндері жатады.

2. Тәңірлік емес діндер. Бұған аталмыш үш діннен өзге барлық діндер жатады. Мұндай жалған діндер адамдардың өз саналары арқылы жасалады. Сол себепті кешегі атеизмнің өзі де жалған діндер қатарына жатады. Өйткені, онда Ұлы Жаратушыны жоққа шығару арқылы жеке басқа яки өзін бәріненүстемсанап, өзіне табынушылықбар. Олардың да христиандық сенімдегі тәрізді көсемдерінің суреттерін қасиетті санаулары, кесен-мавзолей секілді қасиетті орындары. Оған бір барған сапардың қажылыққа барғандай құрметті саналуы. Капитал тәрізді қасиетті кітаптары т.б.

материал «Ислам және дәстүр хикметтері» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: