27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Қадірлі ағайын, ардақты қазақ елі!

Наурыз мерекесі – ұлт пен ұлыстар арасындағы келісімнің, сыйластық пен сүйіспеншіліктің, құрмет пен ізеттіліктің дәнекері, еліміздің ынтымақты тірлігінің, береке-бірлігінің, өшпес өнегесінің белгісі. Күн мен түннің теңеліп, айнала көкке оранатын күнді халқымыз жыл басы санап, ұлықтап, құрметтеген.

ӘЗ-НАУРЫЗ – ЗОРОАСТРИЗМНІҢ САРҚЫНШАҒЫ ЕМЕС

Көшпенді қазақ өркениетінің ұлттық нышандарының бірі – Наурыз мерекесі. «Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Бұл мерекенің шығу тарихын кейбір ғалымдар зороастризм дініндегі отқа табынумен байланыстырса Мәшһүр Жүсіп бабамыз «Нұх, Наурыз тарихы» атты еңбегінде Ашура мен Наурыздың шығу тегі бір екендігін көрсеткен.

Біздің Каирға баруымыз қызықпен басталды. Олай дейтінім, Мысыр еліне баруымыз белгілі болғаннан бастап маған хабарласушылар көбейе бастады. Яғни бір жапырақ қағаз немесе 1 кг ет, ауылдың құрт-ірімшігін ала кетуімді өтінгендер табылды. Содан не керек Қонысбек есімді әріптесім болған, «Әл-Әзһар» университетінің иғдәдиін (3 жылдық дайындық курыстарын) бір жылда, «сәнәуиін» (3 жылдық курстан тұратын колледж) бір жылда (Қазақстандағы «Нұр-Мубарак» университеті мен медреселердіні өте жақсы оқығандарға арналған жеңілдікпен) оқып жатқан жігітке 5 келі ауылдың етін алып жолға шықтым.

Дін тақырыбына журналистік жауапкершілік қажет

Мына тақырыптан кейін бірден: «Құдай сақтасын! Не боп кетті?!» – дерсіз... Өкінішке қарай, қасиетті сөзге қайшы тіркесті «тіркеп», оқырман назарын аударуға аңсары ауып тұратын кейбір тілшілеріміз бар.

Исламдағы қарым-қатынастар арасындағы туыстық қарым-қатынастарға қатысты ата-ананы қадірлеу амалы мұсылман үшін үлкен дәреже болып табылады. Бұл амалдың маңыздылығы Алла Тағаланың Құран Кәрімдегі аяттардың бірінде көрсетеді:

وَقَضَىٰ رَبُّكَ أَلَّا تَعْبُدُوا إِلَّا إِيَّاهُ وَبِالْوَالِدَيْنِ إِحْسَانًا

Есте болса, Елбасымыз өткен жылдың сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр» тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында жерімізді мекендеген халықтардың түгелдей жер аударылғанын еске алған еді. Сонда Елбасымыз: «Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді» деді.

Бүгінде америкалық брендке айналған джинсы шалбарларын кимейтін адам әлемде кемде-кем. Ал қыздар арасында сәнге айналған тар джинсы шалбарлардың зиян екенін дәрігерлер ескертіп, бүгінде дабыл қағып отыр.

Жүргізілген зерттеудің нәтижесі бойынша, үнемі тар шалбар киіп жүретін адамдардың денсаулықтарында аурудың бірнеше түрі кездеседі екен. Олардың басы жиі айналып, несеп жолдары ауруларына шалдығады. Вашингтондық дәрігер Карен Бойлдың айтуынша, тар шалбарлар неврит ауруына, жүйкенің қабынуы мен жамбас тамырларының қысылуына әкеліп соғады.

Биыл Рамазан айы негізінен мамыр-маусым айларымен тұстас келетіндіктен Ораза ұстайтындар үшін шөлге шыдау мәселесі аса маңызды болып табылады. Ораза кезінде адамдар арасында күннің астында жұмыс істейтіндер кездеседі. Сол кездерде организм көп су жоғалтса, адамның басы айналып, ыстығы көтеріліп, жүрегі айнып, тіпті құсуы мүмкін. Жазда ауыз бекіткенде шөлдемеу үшін не істеу керек? Ол үшін аздаған кеңестерге құлақ түрген жөн болады.

Таңертең ұйқыдан тұру бір уайым болса, тұрғаннан соң тиімді жұмыс істеу – екінші уайым. Ал өнімді жұмыс болуы үшін миыңыз жақсы жұмыс істеуі тиіс. Назарларыңызға миды сергітудің 10 жолын ұсынамыз.

Физикалық жаттығу