25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Күнін оразамен, түнін намаздармен өткізген сахаба әйел

Күнін оразамен, түнін намаздармен өткізген сахаба әйел

Ұлы тұлғалар
Жарнама

Аса Рақымды, Мейрімді Алланың атымен бастаймын.

Үлгі болатын әйелдердің ең лайықтысы, бұл әлбетте асыл аналарымыз және әйел сахабалар.

Ислам діні әр әйелдің орнын ерекше белгілеген ол кішкентай қыз болсын, әпке, сіңілі, әйел, ана болса да әр кезенде әйел адам Исламда ерекше орын алады. Ислам тарихына жүгінсек, әр кезенде әйелдер үлкен рөл ойнады. Бірақ сөзсіз бірінші болған ол Пайғамбарымыздың (с.ғ.с)  әйелдері мен сахаба әйелдер. Оның біреуі ол әйгілі Омар сахабаның қызы Хафса бинт Омар.

Хафса анамыз күнің оразамен, түнін намаздарымен үнемі орындаумен танымал болды. Оның әкесі – Омар ибн әл-Хаттаб ибн Нуфайл ибн Әбд аль-Узза. Оның шежіресі Ғадий ибн Калб ибн Люғайаға дейін жетеді және Пайғамбарымызбен (с.ғ.с) кездеседі, 7 атасы Кағб ибн Люғайамен.

Анасы Зайнаб бинт Мазғұн ибн Хубайб ибн Вахб ибн Хузайфа ибн Джума. Осаман ибн Мазғұнның туған әпкесі болған, ислам дінің Меккеде қабылдаған.

Хафса анамыз Пайғамбарымызға (с.ғ.с) пайғамбарлық келгенге дейін 5 жыл бұрын дүниеге келді. Хафса анамыз алғашқы мұсылмандардың бірі болды, Ислам дінің жас кезінде қабылдаған. Ол Исламды оның қағидалары мен ілімдеріне сәйкес сүюге тәрбиеленеді. Хафса анамыз, Алла оған разы болсын, саналы жасқа жеткенде, ислам қазірден өзінде таралып кетті, ал әкесі Омар өзінің исламды қабылдағанын көпшілік алдында жариялады және Алла жолында ыждыхадты болды.

Имам аз-Захаби Хафса анамызды, тек қызы ретінде ғана емес, сонымен қатар ұлы мұсылмандардың көшбасшысының асыл қалқаны ретінде сипаттайды.

Хафса анамыз кәмілетке толған соң оған Хунейс ибн Хузафа ибн Кайим са-Сухами атты ер азамат құда түсті, ол да алғашқы мұсылмандардың бірі болған. Бірақ үйленгеннен соң көп ұзамай ол Бадр шайқасында шаһид болды. Хафса анамыз 18 жасында жесір қалы, ол күйеуінен айырылып, біраз уақыт жалғыз қалды. Омар, Алла оған разы болсын, жалғыз қалған қызын үшін қатты уайымдады.

Омар ибн әл-Хаттаб, оған Алла разы болсын: «Мен Осман ибн Аффанға Хафсаға үйлену туралы ұсыныспен бардым, Осман оған «Мен ойланамын» - деп жауап берді. Ол менімен тағыда кездескенде, ол маған: «Шынымды айтсам, жақын арадам үйленемін деп ойламаймын» - деді. Османның ұсынысынан сыпайы түрде бас тартуы  Омарды күйзеліске ұшыратты, бірақ ол мұны былай түсіндірді: «Осман әлі де жұбайы Рұқайядан айырылғанан кейін сауығып кетпеген және бас тарту үшін кешірімін қабылдады».

Омар былай деді: «Содан кейін мен Әбу Бәкірге барып: «Егер қаласаң, мен сені Хафса қызыма үйлендіремін» - дедім. Әбу Бәкір мазасыз күйде маған жауап бермеді. Мен тіпті оған ашуландым. Бұл жерде Омардың Османға қарағанда Әбу Бәкірге көбірек ренжігенін айта кету керек екі себеп блойынша:

Біріншіден, олар өте тағыз қарым-қатынаста болды, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) оларды бауырлдар деп санайтын;

Екіншіден, Осман жауап беру үшін өзі келіп кешірім сұрады, ал Әбу Бәкір оған еш жауап бермеді.

Расында Омар өзінің ең жақын екі досына ашуланды. Осы қайғы мен ренішпен ол Алла Елшісінің қасына барды, сосын Алла Елшісі оған: «Хафса Османнан да жақсы адамға тұрмысқа шығады, ал Осман Хафсадан жақсыға үйленеді».

Омар ибн әл-Хаттабтан: «Пайғамбармен әңгіме болғаннан бірнеше күн өткен соң, Пайғамбар (с.ғ.с) оған қызы Хафсаға құда түсу үшін келді. Омар, оған Алла разы болсын, әрине келісті, өйткені онығ қызын Алла Елшісіне тұрмысқа беру – бұл үлкен қуаныш және бұрын-соңды болмаған құрмет»

Рұқайя қайтыс болғаннан кейін, Осман Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) басқа қызына үйленеді, Үммі Гүлсім атты қызына.

Сағид ибн әл-Мусайб: «Алла тағала олардың әрқайсысына өз тағдырын тағайындады, Алла Елшісі (с.ғ.с) Хафсаға Османнан гөрі жақсы болды, ал Пайғамбарымыздың қызы Үммі Гүлсім Осман үшін Хафсадан жақсы болды».

Алла Елшісінің (с.ғ.с) Хафсамен үйленеді және оның өзі, Алла тағаланың Елшісі, өз ниетін жариялағаннан кейін, Әбу Бәкір Омарға келіп: «Мүмкін, мен сенің Хафсаға үйлену туралы ұсынысыңа жауап бермегенімде ашуланған шығарсың» - деді. Омар: «Иә» - деп жауап берді. Және Әбу Бәкір: «Сіздің ұсынысыңызға жауап бермеуіме ешнәрсе кедергі болған жоқ, тек мен Алла Елшісінің, оның айтқанын білдім. Мен оның құпиясына опасыздық жасағым келмеді. Ал егер Алла Елшісі одан бас тартса, мен оған өзім үйленетін едім».

Хафса бинт Омар және Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) берекелі некесі Хиджраның 3-жылының Шағбан айында болды. Хафса сол кезде 20 жаста болды, ал Пайғамбарымыз (с.ғ.с) 55 жасында болған.

Осылайша Хафса анамыз Сауда мен Айшаның артынан пайғамбарлық отбасына еніп, сенушілердің асыл анасы атағына ие болды. Бұл неке Омар ибн әл-Хаттаб пен оның қызы үшін үлкен бата мен үлкен құрмет. Бұл неке арқылы Алла Елшісі (с.ғ.с) Омар ибн әл-Хаттабпен қарым-қатынасты нығайтқысы келді, онымен достық қарым-қатынастан басқа отбасылық қарым-қатынас орнатты. Бұл Омарды пайғамбарлық үйдің мүшесі етіп оны одан да жақындатты. Пайғамбар (с.ғ.с) дәл осы мақсатта қызы Фатиманы жиені Әли мен Үммі Гүлсімге әпкесі қайтыс болғаннан кейін Османға және сол ниетпен ол бұрын Әбу Бәкір – Айшаның қызына үйленді,(Алла оларға разы болсын), содан кейін Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли деген ұлы батырлар Алла Елшісіне Ислам дінің таралуына үлкен үлестерін қосты.

Хафса анамыздың қадір-қасиеті: Хафса анамыз Алла Елшісімен (с.ғ.с) бірге болған кезде, оның құрметті әйелі бола отырып,  мықты мінезге ие болды. Алла тағаламен тығыз байланыста болды, ол үнемі ғибадатпен айналысатын ол күндіз ораза ұстап, түнде Ұлы Жаратқан Ие үшін намаздарын оқыған. Осылайша, бір күні Алла Елшісіне (с.ғ.с)  Жәбірәйіл періште келіп, Хафса анамыз туралы айтты: «Ол үнемі күні бойы ораза ұстайды, түні бойы намазын оқиды, жұмақта ол сенің әйелің болады». Хафса анамыз Алла тағалаға құлшылыұ ету мәселесінде Пайғамбарымызға (с.ғ.с) еріп жүрді және құлшылықта одан қалмауға тырысты.

Сондай-ақ құрметті мұсылман апа-сіңілілерді тәрбиелеу үшін Хафса бинт Омардың басқа да қасиеттерін айтуға болады.

Мысалы: садақа таратудағы жомарттық, аскетизм және мәңгілік өмірге толық бағдарлануы, Алла Елшісімен (с.ғ.с) бірге қоштасу қажылығына қатысқаннан кейін, жесір қалып жыл сайын қажылыққа барып жүрген.

Адал Айша анамыз Хафса туралы былай деді: «Пайғамбардың (с.ғ.с) оған теңелеген әйелдерінің ішінен Хафса жалғыз болған».

Жоғарыда айтылғандардан басқа, Хафса Құран Кәрімді мінсіз оқуымен танымал болды және осы саладағы ең жақсы оқитындардың бірі болып саналды. Имам ас-Суюти өзінің «Әл Итқан фи улум әл-Құран» кітабында қасиетті Құран оқитындардың тізімін береді. Бұл тізімдегі мухаджирлер: төрт әділ халиф, Талха, Саад, Хузайфа, Әбдуллаһ ибн Сағиб, Әбдуллаһ ибн Масғұд, Әбдуллаһ ибн Омар, Әбдуллаһ ибн Амр, Хафса, Айша және Умм Саляма, олардан басқа ансарлар арасынан тағы бес қаридың есімдері аталған.

Сондай-ақ, Хафса анамызға оқуды және жазуды үйретті, бұл өз уақытында әйелдер үшін өте сирек кездесетін нәрсе болды. Оны әш-Шифа бинт Әбдуллаһ үйрететті және Пайғамбар (с.ғ.с) осыған Хафсаны жігерлендірді, сонымен қатар Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Хафсаға жазуды үйретші деп әш-Шифаға өтінген.

Сонымен қатар, Хафса анамыз хадис жеткізушілердің бірі болған, Хафса анамыз Пайғамбардан (с.ғ.с) және Омар ибн әл-Хаттабтан алпысқа жуық хадис жеткізген.

Хафса анамыз 61 жасында Муавия дәуірінде Алла тағалаға қайтты. Жаназа намазын Медина қаласының әмірі Марван ибн әл-Хакам оқыды, Жанатул-Бақи зиратына дейін соңғы сапарына Медина қаласының барлық адамдары шығарып салды. Әбдуллаһ және Әсим ибн Омар ағалары және жиендері Сәлім, Әбдурахман және Хамза жерлеген. Сонымен қатар жерлеген кезде Әбу Сағид әл-Худри атты құрметті сахаба болып қатысқан.

Әйкерім Қайратқызы,

«Нұр Астана» мешітінің ұстазы

Бөлісу: