02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Айт намазына қатысты мәселелер

Айт намазына қатысты мәселелер

Құрбан Айт
Жарнама

Имам алғашқы үш тәкбірді ұмытып, «Фатиха» сүресін жартысына дейін оқып қойса, дереу үш мәрте тәкбір айтып, «Фатиха» сүресін қайта оқиды.

Ал егер «Фатиха» сүресі мен қосымша сүре оқып қойған болса, қаза етілген тәкбірлерді айтады, бірақ артынша «Фатиха» мен қосымша сүрені қайта оқымай дереу рукуғқа барады.

Имамға кешігіп ұйыған адам тәкбірлерді тік тұрғанда айтып үлгеретін болса, тәкбірлерді іштей айтады. Ал егер имам рукуға иіліп қойса, кешігіп ұйыған адам да рукуғқа иіліп, үш тәкбірді рукуғта қолдарын көтермей айтады. Бұл – Әбу Ханифа мен имам Мұхаммедтің көзқарасы. Ал Әбу Юсуфтың көзқарасы бойынша, имамға кешігіп ұйыған адамның рукуғта айт тәкбірлерін айтуына болмайды, өйткені бұл тәкбірлердің айтылу орны тік тұрғанда (қиямда) деген. Қиямда орындамағандықтан бұл тәкбірлерді айту міндеттілігі жойылады

Егер біреу кешігіп айт намазының бірінші рәкатын жіберіп алса, екінші рәкатты имаммен оқып болған соң қайта тұрып алғашқы рәкатын толықтырады. Сол кезде «Фатиха» сүресі мен қосымша сүрені оқып, іштей үш тәкбірді айтып намазын аяқтайды

Айт намазына үлгере алмай қалған жағдайда айт намазының қазасы өтелмейді. Айт намазы жеке де оқылмайды. Қаласа төрт рәкаттан тұратын «Дұха» намазын оқиды. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Кім айт намазын өткізіп алса, төрт рәкат (дұха) намазын оқысын» деген.

материал «Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: