04
Сенбі,
Мамыр

һижри

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет» қорының Астанадағы өкілдігінде «Мектепке дайындаламыз» шарасы аясында «Шаш қысқарту» қайырымдылық акциясы өтті.

Құрметті жамағат!

Сіздерді әр аптаның дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері "Нұр Астана" орталық мешітінде құптан намазынан кейін өтетін араб тілі дәрістеріне шақырамыз!

Дәрісті өткізетін Әл-Азхар университетін тәмамдаған білікті теолог, исламтанушы, ұлағатты ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы өткізеді

 

إِنَّا أَنزَلْنَاهُ قُرْآنًا عَرَبِيًّا لَّعَلَّكُمْ تَعْقِلُونَ

"Расында біз мұны Арапша Құран түрінде түсірдік, әрине түсінерсіңдер" (Юсуф сүресі, 2 аят)

 

Дәрістің басталу уақыты: 31.08.2016

 

 

ummet.kz

Құрметті мұсылман қауым!

«Нұр Астана» орталық мешіті «Жетеудің бірі бол да, Раббың үшін құрбан шал!» қайырымдылық шарасына ат салысуға шақырады!

Құрбандық шалу бағасы 30 000 (отыз мың) теңгеден.

Шараға қатысушы адам ірі қара малды жалғыз өзі немесе жеті адамның бірі болу арқылы бір ірі қараны ортақтасып шалуға болады.

Толық мәліметті «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамдарынан ала аласыздар.

Қайырымдылық шараға қатысамын деушілер қыркүйек айының 9-шы жұлдызына дейін тіркелуі қажет. 

Мешіт ұжымы құрбандық шалуды және мұқтаж адамдарға таратуды ұйымдастырады. 


«Раббың үшін құрбан шал» («Кәусар» сүресі, 2-ші аят)
 


8 (71-72) 44-58-48, 87023968396, 87012364545, 87025299909

www.ummet.kz

Ел мұсылмандарының қара шаңырағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қайырымдылық шараларына үлкен маңыз беріп келеді. Елорда төрінде ҚМДБ өкілдігі, «Нұр Астана» орталық мешітінде өткен «Мектепке жол» акциясы да – осы игілікті шараның бір көрінісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары Әнуарбек Елжанов пен ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімінің Астана қаласы бойынша өкілі, «Төлебай» мешітінің бас имамы Асхат Сәлімов елордамыздағы бірқатар мекемелерді аралады.

Бүгін ел мұсылмандары үшін мән-маңызы ерекше мереке – ораза айтында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы елорда мешіттерінің бас имамдарын марапаттады.

Күллі мұсылман қауымының қуанышпен қарсы алып, сағынышпен шығарып салар қасиетті Рамазан айының өзіне тән ерекше рәсімдері мен қалыптасқан үрдістері бар.

Бүгінде халықтың Айт мерекесіне деген ықылас-ниеті артып келеді. Айт намазынан соң «Нұр Астана» орталық мешітіне келген қала тұрғындары мен қонақтары жәрмеңке дастарқанынан дәм татып, мерекелік көңіл күйде ораза айтын бұқара болып тойлатты.