04
Сенбі,
Мамыр

һижри

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазірет «Нұр Астана» орталық мешітінде алғашқы жұма уағызын жүргізді. Бас мүфти жамағатқа Исламдағы бала тәрбиесі жөнінде салиқалы әңгіме өрбітті.

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бұйрығымен Мұқанов Асқар Әбітайұлы «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы қызметіне тағайындалды.

Бүгін «Нұр Астана» орталық мешітінің ұйымдастыруымен Бейбітшілік және келісім сарайында «Жібек жолы дауысы - 2017» рухани әндер фестивалі өтті.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Серікбай қажы Оразды Қазақстанның Бас мүфтиі лауазымына сайлануымен құттықтады.

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні барша Қазақстан халқының мерейлі мерекесі ретінде аталып өтіледі.

Бұл күндері Елбасының тікелей қамқорлығымен еліміз ұлттарды ұйыстырып, жұртшылықты жарастырған, бірлігіне бекем мемлекетке айналды. Асыл дініміз Исламның көкжиегі кеңейді.

Екі дүние сардары, адамзаттың асыл тәжі болған, сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған айы «Мәуліт» мерекесімен араға жыл салып қайта қауышудамыз. Жаратылғандардың асылы және шыңы болған хазіреті пайғамбар (с.ғ.с.) милади 571 жылы рабиул айының 12-жұлдызы, дүйсенбі күні дүниеге келіп, әлемді шексіз қуаныш пен нұрға бөледі.

Бүгін ҚМДБ наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Діни білім және кадр дайындау орталығында білім жетілдірген имамдардың алғашқы легіне куәлік тапсырды.

Бүгін астаналық мұсылман жамағаты спорттық сайыста күш сынасты. Дәстүрлі «Салауатты жамағат» V қалалық спорттық ойында жарысына қаладағы сегіз мешіт қатысты. Салауатты өмір салтын ұстану – саналы қоғамның таңдауы. Сайыстың мақсаты – жамағат арасындағы бірлікті, бауырмашылықты, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау.

«Жақсылық жаса!» қайырымдылық акциясы аясында «Зекет» корпоративтік қорының Астана қаласы өкілдігі тағдыр тауқыметін тартқан аналарға құрмет көрсетті.

Деструктивті діни ағымдарды алдын алудың заманауи әдістері. Осы тақырыппен бүгін Астанада елордалық имамдардың біліктілігін арттыруға арналған семинар-тренинг өтті.