12
Жексенбі,
Мамыр

һижри

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры профессор, доктор Ж.А.Басюни бастаған ғалымдар делегациясы Оңтүстік Қазақстан облысына арнайы ат басын тіреді. Бұл туралы «Нұр-Мүбәрак» университетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Елорданың «жасыл белдеуін» құрайтын орман алқабын аралап, желекті аймақтың тыныс-тіршілігімен танысты. Кешегі тал-теректің тамыры бекіп, орманды өлкеге айналғаны – өткен істің ізгіліктен жемісті нәтижесі. Елбасы алқапты аралап шығып, журналистерге өмір жайлы өз ойымен бөлісті. «Мен аз өмір сүрген жоқпын, яғни өмірлік тәжірибеме қарап, өмірдің мәні туралы ойлай беру құр бекер іс. Өмірдің мәнін Жаратушымыз туғанымызда біздің генімізге салып берген», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың «жасыл белдеуін» құрайтын орман алқабын тікұшақпен қарап, алқапты жаяу аралап шықты. «Жасыл белдеудің» жай-күйімен танысқаннан соң орманды алқапқа қырғауылдарды жіберді.

Бүгін Астана іргесіндегі «Әлжан ана» мешітінде қала мешіттерінің кезекті жиналысы өтті. ҚМДБ наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Өтпенов төрағалық еткен бұл жиында қасиетті Рамазанға дайындық мәселелері талқыланып, жиналыстың күн тәртібінде тарауих намазы, Құран хатым, мешіттерді безендіру, пітір садақа және ауызашар ұйымдастыру мәселелері қарастырылды. 

ҚМДБ-ның наиб мүфти, «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшілігі жанындағы Мәдени өкілдігінің жетекшісі, доктор Асғар Сабери мырзамен кездесті» деп хабарлайды Muftyat.kz.

– Армысыз, Марат Алмасұлы! Әңгімемізді өзекті жаңа­лықтардан бастасақ. Алдымызда дін өкілдерінің дүбірлі жиыны – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі жақындап келеді. Осы айтулы шараға бүгінгі күн биігінен қандай баға берер едіңіз?

Кеше ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің бесінші съезді қарсаңында баспасөз мәслихаты өтіп, онда ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов пен Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин қатысты. Съезд қарсаңындағы жиында Сенат өкілі Икрам Адырбеков Дін жетекшілерінің съезiнде әлемді дүрліктірген ИШИР лаңкестiк ұйымы туралы терең талқылаулар жасалатынын мәлімдеді. Сөз кезегінде ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Алмасұлы «атышулы "ИШИР"-ді, БАҚ құралдары мен жалпы әлеуметтік, қоғамдық орта, лаңкес содырлардың өздері жариялағандай, "Ислам мемлекеті" деп атамағаны жөн» деген ұсыныс тастаған еді.

ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков Дін жетекшілерінің съезiнде әлемді дүрліктірген ИШИР лаңкестiк ұйымы туралы терең талқылаулар жасалатынын мәлім етті. Ол ауқымды басқосудың лаңкестік ұйымдар мәселесіне арналмағанымен, өзекті тақырып кеңінен қозғалады деді. Бұл жайында E-islam.kz порталы хабарлайды.

Бүгін Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің бесінші съезді қарсаңында ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов пен Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин қатысты.