14
Сейсенбі,
Мамыр

һижри

Наурызбай қажы Тағанұлы жас спортшыларға ақ жол тіледі (ФОТО)

4 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қараша айының 10-18 жұлдызы аралығында Моңғолия астанасы Улан-батор қаласында бокстан жастар арасындағы Азия біріншілігі өтеді, деп хабарлайды ummet.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Мамбет Қойгелдиев: Алаш қозғалысының ақиқатын айту – Отан алдындағы парыз!

4 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – «Алаш арыстарын біз қолдан бердік, енді оларға қатысты мұрағаттардағы мағлұматтарды елге жеткізбесек, онда оларды екінші рет өлтіргеніміз», - деп студенттерге тарих шындығын ашып айтудан бастаған ҚР ҰҒА академигі Мамбет Қойгелдиев Нұр-Мүбарак университетіне арнайы қонақ болды, деп хабарлайды nmu.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Ауыл мұғалімі өз қолымен 7 трактор құрастырды (ФОТО)

4 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Павлодар облысының шалғай ауылдарының бірінде тұратын ауыл мұғалімі қолдан 7 трактор құрастырып, шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтанда Музейлер парады акциясы өтіп жатыр

4 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Нұр-Сұлтанда «Музейлер парады» акциясы шеңберінде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде «Халық дәстүрі – асыл қазына» атты шара өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«Әзірет Сұлтан» мешітінде Татуласу орталығы ашылды (ФОТО+ВИДЕО)

2 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде бүгін тағы бір игілікті жобаның тұсауы кесілді. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы негізінде Нұр-Сұлтан қалалық соты мен Бас мешіт арасында өзара меморандум жасалып, тараптар азаматтық дау-жанжалдарды шешу жолында біріге жұмыс атқаратын, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

ҚМДБ: Тағы бір бөлімге жаңа басшы келді (ФОТО)

2 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Сейітбеков Смайыл Сүйерқұлұлы Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Өкіл имам алғашқы сапарын Абай елінен бастады (ФОТО)

1 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Жақында ғана ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз бұйрығымен Семей өңірінің бас имамы болып тағайындалған Асқар Әбітайұлы алғашқы жұмыс сапарын ұлылар мекені – Абай елінен бастады. Халқымыздың біртуар перзенттері мәңгілікке дамыл тапқан Жидебайға арнайы ат басын бұрып, Абай мен Шәкәрім бабаларымыздың рухына Құран бағыштады. Ұлжан мен Зере анамыздың да зираттарын зиярат етіп, марқұмдар үшін дұға жасады, деп хабарлайды Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Аппарат жиналысында 50 мәселе қаралды

1 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Орталық аппаратының кезекті хаттамалық мәжілісі өтті, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«Әбіш әлемі» атты шығармашылық байқау өтеді

1 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Аталмыш байқау Әбіш Кекілбайұлының 80 жасқа толу мерейтойына орай ұйымдастырылғалы отыр, деп хабарлайды abai.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Наиб мүфти БҰҰ бірлескен шарасына қатысты (ФОТО)

31 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы елордада екі күнге жалғасқан БҰҰ жанындағы халықтың қоныстануы саласындағы қордың отырысына қатысты, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Мүфтияттың «МҰНАРА» газеті шықты (ФОТО)

31 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл басылымы – «Мұнара» газетінің тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.