28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Стамбулда өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымының XIII саммитінде Белоруссия президенті ислам әлем қауіпсіздігінің, тұрақтылығының кепілі боларын мәлімдеді, деп жазады БелТА агенттігі.

Қағбаның уақытша матафының негізгі бөлігі алынды. Құрылыс жұмыстары «әл-Харам» мешітін кеңейту жөніндегі техникалық комитеттің шешімімен 4 сәуірде басталған.

Филадельфиядағы америкалық Mastery Charter Schools ірі мектеп желісі оқу күнтізбесіне мұсылман халқының екі мерекесі – Ораза айты мен Құрбан айт күндерін енгізбек.

Мәдиналықтар қала мэрінен жыл сайын шетелдерден келуші қажылардың көбеюіне байланысты шаһардың қызмет көрсету сапасын жетілдіруді өтінді, деп хабарлайды Saudi Gazzette.

Қазақстандық Сайора Шотпакова Біріккен араб әмірлігіндегі беделді мектептің бір жылдық білім грантына ие болды. Дарынды оқушыға марапатты БАӘ Білім министрі, шейх Нахайян ибн Мубарак әл Нахайян табыстады.

Тарихы  1200 жылдан асқан, Еуропаға жеткізілгеніне 130 жыл толған ежелгі Құран қолжазбаларының бірі толықтай сандық форматқа түсіріліп, интернетте жарияланды, деп жазады Quartz.

Америкалық ғалымдар төрт штаттағы үш миллионнан аса өлім-жітімді зерттей келе, қасиетті кітаптарда аталған есімді иеленген адамдардың өзгелерден ұзақ өмір сүреді деген тұжырымға тоқталды.