Меню

14
Дүйсенбі,
Сәуір
16
Шәууәл
1446 һижри

44. Иғтикәфтың мерзімі мен орыны

Ораза

 

Уәжіп және нәзір иғтикәфтың уақыты ең аз дегенде бір күн болуы тиіс. Себебі, уәжіп иғтикәфта ауыз бекітілуі тиіс.[1] Бұл мәселеге қатысты Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Иғтикәф оразасыз болмайды»,-деген.[2]

Нәфіл иғтикәфтің уақыты мәселесіне келер болсақ, ғалым-дардың арасында нәфіл иғтикәфтың мерзіміне қатысты түрлі пікір бар.[3] Мәселен Имам Әбу Ханифаның (рохматул-лаһи ъаләйһи) пікірінше, ең аз дегенде бір күн иғтикәф етуді ниеттену қажет.[4] Алайда Имам Мухаммадтың[5] (рохматул-лаһи ъаләйһи) пікірінше, бір сағатқа иғтикәф етуді ниеттенсе болады.[6]

Иғтикәф орыны мәселесіне келер болсақ,[7] Мекке тұрғыны болған ер адам үшін ең абзал мешіт Меккедегі «Әл-Харам»[8] мешіті, Мадина тұрғыны болған ер адам үшін Мадинадағы Пай-ғамбардың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) мешіті, ал Иеруса-лим тұрғыны болған ер адам үшін Иерусалимдегі «Әл-Ақса» мешіті.[9] Кейінгі кезекте орталық, кейін әркімнің өзі тұратын жердегі мешіт тұр.[10]

Әйел адамның иғтикәф ету орыны мәселесін «Әйел адам-ның ътикәфтің» тақырыбын қараңыз.

Абдуссамад Махат

«Нұр Астана» мешітінің наиб имамы

 



[1]Бұл да сонда.

[2]«Насбур-Райа».

[3]«Фадаил-аъмәл».

[4]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».

[5] Имам Мухаммад – Имам Әбу Ханифаның (рохматул-лаһи ъаләйһи) шәкірті.

[6]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».

[7]«Иътикәф дұрыс болудың шарттары» тақырыбын қараңыз.

[8]яғни, «Қасиетті Мешіт».

[9] ол мешітті «Бәйтүл-Муқаддас» деп те айтады.

[10]«Әл-фиқһу ъаләл-мазаһибил-арбаға».

Бөлісу: