29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Кәсіп ретінде Құран оқу дұрыс па?

Кәсіп ретінде Құран оқу дұрыс па?

Пәтуа all

Ханафи ғұламаларының көпшілігі ақылы Құран оқуды дұрыс көрмеген. Өйткені, Құран оқу белгілі бір адамның жекеменшігі емес, әрбір мұсылманға тиесілі құлшылық болып табылады. Сол себепті, әрбір мұсылман Құран оқитын адам жалдаудың орнына, қайтыс болған жақындарына өзі Құран оқып, бағыштауы керек.

Фиқһ ғылымы Ибн Абидин арқылы Құран оқу дәстүрінің дұрыс емес екендігін дәлелдеу мақсатында арнайы бір еңбек жазып, атын «Шифаул-Ғалил» деп қойған. Ғалым бұл еңбегінде ақылы Құран оқуды құптамаған көптеген Ислам ғұламаларының дәлел ретінде көрсеткен аяттарына сілтеме жасаған. Ақылы Құран оқуды дұрыс емес дегендердің дәлел ретінде алға тартқан аяттарының кейбіреуі мынадай:

«Қолдарыңдағы Тәуратты растаушы ретінде түсіргеніме (яғни, Құранға) иман келтіріңдер. Оған (адамдар арасынан) бірінші болып қарсы шықпаңдар және аяттарымды (атақ, лауазым, мал-мүлік, т.б) азғантай бағаға айырбастамаңдар. Менен ғана қорқыңдар, Мені ғана пана тұтыңдар» («Бақара» сүресі, 2/41).

«Кезінде Алла Кітап иелерінен: Кітаптағы ақиқаттарды, (әсіресе, Алланың соңғы Елшісі жайлы маңызды мәліметтерді) ел-жұртқа ашық айтып жеткізетінболасыңдар һәм ондағы ақиқаттарды жасырмайсыңдар», - деп уәде алған еді. Алайда, олар мұны қаперлеріне ілмей, бірден былай ысырып қойып, оны (мал-мүлік, атақ-абырой, шен-шекпен сынды) болмашы бағаға сатып жіберді. Расында, олардың бұл саудасы қандай жаман әрі зиянды десеңші» («Әли-Имран» сүресі, 3/187).

Сауда, кәсіп мақсатында Құран оқудың дұрыс еместігіне қатысты Пайғамбардан (с.ғ.с) жеткен хадистер де бар. Сол хадистердің бірінде былай делінеді:

«Құранды оқыңдар, бірақ оны күнкөріс көзіне айналдырмаңдар» (Ахмед ибн Ханбәл, Мүснәд, ІІІ, 428)

Ханафи мектебінің алғашқы дәуір ғалымдары қанша жерден ақылы түрде Құран оқуға рұқсат бермесе де, жалпы ақылы Құран оқудың барлық түрін осы көзқарас аясында бағалау дұрыс емес. Құран – өмір кітабы. Ал, негізінен дұрыс емес мәселе – Алланың разылыығын ысырып қойып, Құранды күнкөріс көзіне айналдыру болып табылады.

«Ислам дегеніміз не?» кітабынан,

Нұр-Сұлтан, 2020 жыл

ummet.kz

Бөлісу: