29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Жан тапсырар сәтте дұға оқудың мәні қандай?

Жан тапсырар сәтте дұға оқудың мәні қандай?

Ислам тарихы

Жан тапсырғалы жатқан адамға «лә иләһә илләллаһты» айтқызу керектігі, соңғы сөз «Лә иләһә иләллаһ» болса, жұмаққа кіретіні айтылады.

Мұндағы мақсат − адам жүрегінің иман шеңберінде болуы. Өйткені, кім қалай өлген болса, солай тірілтіледі. Мүмін адам иманымен, ал мұнафық сол екіжүзділігімен тірілтіледі. Жан тапсырар сәтте «Ясин» сүресін оқудың пайдасы да осыған байланысты. Аяттарды естігенде Алланы және пайғамбарын еске алуы және иман шеңберінде жан тапсыруы көзделгендіктен, «Ясин» сүресінің оқылуы ұсынылған.

«Оны (Ясин сүресін) өлгендердің (жан тапсырғалы жатқан науқастардың) жанында оқыңдар» (Ибн Мажә, Жәнаиз 4).

Зер салып қарайтын болсақ, «Ясин» сүресінде ақырет мысалдары мен иман ақиқаттары бар.

Науқастың қасында «Лә иләһә илләллаһ» оқылады немесе тәубе, кешірім тіленеді. «Кімнің соңғы сөзі «Лә иләһә иллаллаһ» болса, жұмаққа кіреді» деген сөзге негізделе отырып, оны науқастың қасында оқиды, алайда одан қайталауды талап етпейді.

«Сендер мәйіттерге (жан тапсырғалы жатқан науқастарға) «Лә иләһә иллаллаһты» айтыңдар». (Мүслим, Жәнаиз 1; Тирмизи, Жәнаиз 7; Әбу Дәуіт, Жәнаиз 20; Ибн Мажә, Жәнаиз 3). Хадисте айтылғаны бойынша зорлық жасалмау керек. Өз қалауымен иман шеңберінде болғаны дұрыс. Мәжбүрлеу арқылы келген иманның пайдасы жоқ. Науқастың тура жолмен ақыретке кетуіне үміт артылады.

«Кім қалай өлген болса, солай тірілтіледі» (Мүслим, Жәннат 19).

материал «Ақырет жайлы 100 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: