29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Дәретсіз қандай ғибадаттар орындалмайды?

Дәретсіз қандай ғибадаттар орындалмайды?

Ислам тарихы

Пайғамбарымыз (с.а.с.) көптеген хадисінде ғибадат орындау үшін кіші дәрет алудың маңызы көп екенін ескерткен.

Онда: «Дәреті бұзылған кісі дәретін қайтадан жаңартпайынша, Алла оның намазын қабыл етпейді». «Алла дәретсіз намазды және Алла разылығы үшін берілмеген садақаны қабыл етпейді» дейді.

Әрбір мұсылман ғибадат етер алдында кіші дәрет алуға міндетті. Оның денесі таза болған жағдайда да, рухани тазару үшін кіші немесе үлкен дәретті алуы тиіс.

Кіші дәретсіз келесі ғибадат түрлерін орындауға болмайды:

1. Міндетті (парыз) немесе қосымша (нәпіл) намаздарды орындау;

2. Марқұмға оқылатын (жаназа) намазды орындау;

3. Құранда «тиләуәт сәжде» деп аталатын белгілі бір жерлерді оқу барысында сәжде ету;

4. Қағбаны айналу (тауап ету);

5. Құранды ұстап, қолға алу.

Алайда дәрет болмаған жағдайда, Құранды жатқа немесе қолмен ұстамай парақтан қарап оқуға болады.

материал «Күнделікті діни сауалдарға жауаптар» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: