27
Сенбі,
Сәуір

һижри

«Алла көп ұйықтайтындарды қияметте кедейлендіреді»

«Алла көп ұйықтайтындарды қияметте кедейлендіреді»

Ислам тарихы

Бір жамағат сахабалар Алла Елшісінің (с.ғ.с) қатысуымен Абдулла ибн Омарды естеріне алды.

Сонда Алла Елшісінің (с.ғ.с) айтқан екен: «Абдулла, әлбетте жақсы кісіден егер, түнімен намаз оқымаса ондай кісі мадақтауға жатпас еді». Алла Елшісінің (с.ғ.с) сахабаларының біріне айтқан екен: «Ей, пәленше, көп ұйықтама. Алла көп ұйықтайтындарды қиямет күнінде кедейлендіреді» деді.

Ей, перзент, түнде нәпіл намаздарды оқу – Алла Тағаланың өзі бұйырған дәстүр. Алла таң сәріде тұрып оқыса, мағрипат талап етушісі момындарды мадақтайды. Бұл жөніндегі аяттар біздерге терең түсінуді талап етеді.

«Таңертең тұрып ғибадат қылу, Алланың талап еткен сөзі Алла Елшісінің (с.ғ.с) Алла тағала үш дауысты дос тұтады» депті.

Біріншісі – сәр уақытта шақыратын қораздың дауысы, ол адамдарды намазға оятады; екіншісі – Құран тіләуәт қылған кісінің даусы, үшіншісі – сәр уақытта Алладан мағрипат ілім-білім тілейтіндердің дауысы. Суфиани Саури Рахматуллах айтыпты: «Құдай тағала бір самал-желді жаратыпты. Ол сондай самал екен, сәр уақытта дүниені кезіп есетін және түрлі дуаларды, жақсы сөздерді, ұлық падиша Құдай тағаланың құзырына көтеріп жеткізеді», Әуелі, ақшамда күн батқанша ғарыш астынан хабар беріп жақтан дауыстап: «Ей, ақылды момын, тұр орныңнан, уақыт жетті» дейді. Момындар тұрып қалауынша намаз оқиды және бір дауыс болады: «Ей, Құдайдан қорқушы момындар, тұрмайсыңдар ма?» деген. Алладан қорқушы пенделер тұрып, сәр уақыт біткенше намаз оқумен шұғылданады. Күн шыққан кейін хабар беруші: «Ей, өкініште қалған пенделер, орындарыңнан тұрмайсыңдар ма?» дегенде, олар дәл қабірде жатқан өліктердей төсектерінен қозғалады.

Әрбір момын мұсылман сәр уақытында ұйықтап ғапыл қалушылар тобында қалудан сақтанғаны абзал. Лұхман һәкім балаларына насихат етіп айтқан екен. «Ей, ұлдарым, ерте тұруда сенен қораз пысық болмасын, сәр уақытында қораз шақырғанда сен ұйқыда боласың». Жұхет ақынның нәзік бір өлеңі еске түседі: «Бір ағаштың басына қонған кептер әуезі пәс болса да түнімен зікір айтып, ән салып шығады. Ал біз болсақ, түнімен ұйықтаймыз. Аллаға айтарым, мен жалғаншы болдым. Егер шынымен ғашық болғанымда, Аллаға ғашықтығыммен жылағанымда, хайуандар мені тауда қалдырмас еді, Бұл халмен жыламасам, хайуандар басын төмен салмайды. Мен болмысыз өзімді, Алланың ғашығы деп күмән қыламын. Әрбір өкініште қалған адам осыған келісетін болсын» депті. Бұл тарауда әуелі хайуандар айтқан пікірден ғибрат алуды жөн көрдім.

материал «Бақытқа жету әліппесі» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: