Ауызашар: Халал Даму ұсынатын қоғамдық тамақтану орындары

Қасиетті «Рамазан» айының қарсаңына тұтынушыларға «халал ас» ұсынғысы келетін асханалардың  көбейетіні анық. Дегенмен де, барлық  жағынан «халал стандарт» талаптарына сай келетіндерін табу қиын. Сол себепті, сіздердің назарларыңызға еліміздің әр өңірінде «Халал Даму» ЖШС-нан сертификаттаудан өткен, «ҚМДБ халал» стандарт талаптарына сай қызмет көрсететін 140 қоғамдық тамақтану орнын (ресторан, кафе, асханалар желісі) ұсынамыз.

Рамазан қайтсе пайдалы өтеді

Рамазан айы – береке мен жақсылыққа толы ай. Рамазанның өзге айлардан ерекшелігі – Алла Тағала бұл айда Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с) Құранды түсіріп бастаған, оразаны парыз қылған.

Ауызашар берудің сауабы

«Расулулла (ﷺ) айтады: «Оразашыны тамақтандырған ораза ұстағанның сауабын алады. Әрi бұл ораза ұстаушының сауабы кемiтiлмейдi» (Хадисті Зәйд ибн Халис Әл-Жүһәниден (р.а.) Имам Ахмад, Имам Тирмизи, Имам Ибн Мажә, Имам Ибн Хиббан және Имам Табарани риуаят етті).

Наурызбай қажы Тағанұлы: Бірлік – береке бастауы

Бірлік – адамзатты жаңа белестерге шығарған үлкен құндылық. Бұл қасиетті қадір тұтқан қазақ халқы оны мақалдарынан да, даналықтарынан да жырақ қалдырмаған.

Кез келгеннің пәтуа беруге құқы жоқ

Барша мұсылман жұртшылығының асыға күтетін, қасиетті Рамазан айының басталуына да санаулы күндер қалды. Рамазан айының қадір-қасиеті туралы БАҚ құралдарында және әлеуметтік желілерде көптеген мазмұнды мәліметтер таратылуда. Тіпті оразаға қатысты кейбір мәселелерге әртүрлі пікірлер айтылып, өзінше пәтуалар да берілуде.

Ислам дінін – діңгек етіп ұстанғымыз келсе…

Біз – төл діні мен ділі, тамыры терең құндылықтары, сүйенер, қуат алар бай рухани мұрасы бар иманды халықпыз. Бабаларымыздың Ислам дінінен қуат алып, қастер тұтып, атадан балаға аманат қылып, жүрекке дарытып келген асыл қасиеттері көп-ақ.

Оразаның пайдасы

Ораза – Құранда әмір етілген, Пайғамбарымыз (ﷺ) орындаған құлшылық. Бұл ай Рухани тазару айы. Бір ай, ішіп-жеу, жыныстық қатынас сияқты нәпсінің қалауынан уақытша тыйылу, тілі мен көзін сақтау арқылы адам баласы рухани тазарауға қол жетізе алады. 

Әдет-ғұрыптың өзгеруіне байланысты пәтуаның өзгеруі

Әдет-ғұрып заман ауысқан сайын өзгеріске ұшырап, дамып отыратын құбылыс. Сондықтан да фиқһ ғұламалары әр заманға және қалыптасқан әдет-ғұрыпқа сай кейбір тармақты үкімдердің өзгеріп отыратындығын айтқан.