21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Мұсылман мұсылманға бауыр

Мақалалар
Жарнама

Аса қамқор ерекше Мейрімді Алланың атымен бастаймын!

Асыл пәк дінімізде қандай тақырып болмасын, сұрақ болмасын жауабы бар. Бауырмалдық мұсылман адамдардың тірегі.  Мұсылманның асыл сипаттарының бірі.

Құранда Хужурат сүресінде:

«إنما المؤمنون إخوة فأصلحوا بين أخوكم»

«Күмәнсіз, мұсылмандар бір-бірімен бауыр»   [49:10]

Бауырмалдық дегеніміз не?

Бауырмалдық — адам бойындағы Алла ризалығы үшін туысқандық, ағайыншылық қарым - қатынасқа адалдықты білдіретін ұғым Алла ризалығы үшін жақынның қасында болып, оны қолдап, жақсылыққа шақырып жамандықтан алыстатып, ізгі амалдарды бірге жасап, сабырлыққа шақыртатын адамдар шынында нағыз бауырлар.

Алла Елшісі, оған Алланың  игілігі мен сәлемі болсын: «Екі ағайынды екі қол тәрізді. Біреуі екіншісін жуғаны секілді өзін де жуады» - деген. Бұл хадисте Алла Елшісі екі досты, бауырды қол мен аяққа емес, екі қолға теңеген. Өйткені екі қол мақсатта бір-біріне қайшы әрекет жасамайды, керісінше  жәрдемдеседі. Дәл осылай бауырлар ылғи бір-біріне тірек болып жүруі қажет.

Бауырмалдық сезімін тек қана қаңдас және бір әулеттегі бауырларға ғана білдірмей достарымызға, көршілерімізге, бір ұжымға, жақындарымызға да білдіруіміз керекпіз.

Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын: «…ей Алланың құлдары! Туысқан болыңдар», — деп, мұсылмандар арасында бауырластықты кең таратуды бұйырған.

Сендер Алла тағаланың дінін қуаттап – қорғауда, ол орнатқан рәсімдерді орындауда біріне-бірі көмектесетін туыс бауырлардай болыңдар деген бұл бұйрықты жүректері бірлігі мен берік ынтымақсыз орындау мүмкін емес. Алла тағала: «Ол сондай (Алла) сені Өз жәрдемі және мүміндер арқылы қолдады. Және олардың жүректерінің арасын жарастырды», — деді. Бауырмалдық қарым-қатынасты орнату үшін әрбір мұсылман басқаға қажетті деңгейде құрмет көрсетуі керек. Мысалы, сәлем беру, түшкерген кезде жақсылық тілеу, ауырған кезінде көңілін сұрау, шақырса бару, адал кеңес беру және соңғы сапарға шығарып салу. Сый-сияпат жасау, қол алысып амандасу бауырмалдық қарым-қатынасты өзара жақсы көру мен ұнатуға ұластырады. Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, : «Біріңе-бірің тарту жасаңдар, біріңді-бірің жақсы көретін боласыңдар».

«Қол алысып амандасыңдар, өйткені ол жеккөрушілікті жолды және бір-біріңе тарту жасаңдар», — деген.

Хасан әл-Басри: «Қол алысып амандасу өзара сүйіспеншілікті арттырады» — деп айтқан.

Мұсылманға Исламдағы бауырларымен өзара татулық пен жүректердің бірлігіне жеткізетін қарым-қатынасты үзбеу бұйырылған.

Абу Хурайрадан келген хадисте: «Біріңе-бірің туысқан болыңдар, өйткені мұсылман-мұсылманға бауыр; ол (мұсылман) оған (мұсылман бауырына) зұлымдық істемейді, адамдарды, қорламайды, ал тақуалық осында».

Пәк дінімзде өзара жеккөрушілік пен жүректердің келіспеушілігіне себеп болатынын бәріне тыйым салынады. Әр мұсылман адам бауырына реніш келтіретін істерден аулақ болып, оны басқалардың зорлық-зомбылығынан қорғауы керек.

Бауырмалдық мәселесінің ғана емес ортақ адамдардың қарым-қатынастарда мына төрт іске тыйым салынған:

Адамдарға қысым жасауға үзілді-кесілді тыйым салынған;

Адамды көмексіз қалдырып қоюдың тыйымы;

Басқаларға өтірік айтуға немесе оларға сенімсіздік көрсетуге қатысты тыйым;

Адамды жек көрудің харамдығы.

Қоғамдық әділеттіліктің табиғи кепілі бұл — бауырмалдық. Қоғамда бауырмалдық рухы сезілсе, ол рух заңның қорғанына айналады. Мемлекет әділдікті өз адамдарының арасында бауырмалдық пен мейірімділік арқылы жүзеге асырады. Ал, қоғамда бауырмалдық болмаса, мейірімділік жоғалса адамдар іштарлық пен көреалмаушылық дертіне шалдығады. Ал, бұл зұлымдық пен шектен шығуды тудырады. Қоғамда бауырмалдық жойылған сәтте зұлымдықтың ең қорқынышты түрі бой көтереді.

Бір-біріміздің бауырмалдық сезімін арттырайық!

Әйгерім Қайратқызы

«Нұр Астана» мешітінің ұстазы

Бөлісу: