22
Жұма,
Қараша

һижри

Алланың (субути) сипаттары

Алланың (субути) сипаттары

Ақида
Жарнама

Алла Тағалаға құлшылық етуде ақида (сенім) ілімін игеру, түсіну аса маңызды саналады. Яғни,  дұрыс ғибадат  ету үшін Алла Тағаланың зати және субути сипаттарын сезініп, біліп алуымыз қажет.

Бұл жайында Хәкім Абай Құнанбайұлы:

Алланың Өзі дс рас, сөзі де рас,

Рас сөз ешуақытта жалған болмас.

Көп кітап келді Алладан, оның төрті,

Алланы танытуға сөз айырмас.

Аманту оқымаған кісі бар ма?

Уәктубихи оқымаған кісі бар ма?

Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер,

Жарлық берді Ол сіздерге, сөзді ұғарға.

Замана, шаруа, мінез күнде өзгерді,

Оларға кез кезімен нәби келді.

Қағида шариғаты өзгерсе де,

Тағриф Алла еш жерде өзгермеді.

Күллі мақлұқ өзгерер, Алла өзгермес,

Әхлі кітап бұл сөзді бекер демес.

Адам нәпсі, өзімшіл мінезбенен,

Бос сөзбенен қастаспай, түзу келмес [1], - деп тайға таңба басқандай Ұлы Жаратушының сипаттарын өлең шумақтарында атап өткен болатын. Осы орайда, оқырмандарымыз Алла Тағаланың сегіз су­бу­ти сипаттарын біліп жүруі үшін ұсынып отырмыз. Олар мы­на­лар:

1. Хаят: Тірі болу. Алла мәңгілік тірі және тірілтуші. Әр нәр­се­ге, өлі то­пы­рақ­қа, жал­пы жаратылысқа жан бе­ріп, тір­ші­лік иесі ет­кен Алла еке­ні сөз­сіз. Құранда: «Мәң­гі­лік өл­мей­тін ті­рі Аллаға тәуе­кел ет» - делін­ген[2].  

2. Ілім: Бұл си­пат «Бі­лу» де­ген ма­ғы­на­ны біл­ді­ре­ді. Алла Тағала барлық нәрсені, тіпті жүректегі жасырын ниетті де біледі. Құ­ран­да:  «Ғайб әле­мі­нің (кө­мес­тің) кілт­те­рі тек Оның құзырында. Оны Өзі­нен бас­қа еш­кім біл­мейді. Жә­не Ол жер­де­гі, те­ңіз­де­гі бар­лық нәр­се­ні бі­ле­ді. Тіп­ті бір жа­пы­рақ түс­се де Ол мін­дет­ті түр­де одан ха­бар­дар. Жер­дің қа­раң­ғы қа­бат­та­рын­да­ғы бір тал дән де, құр­ғақ жә­не дым­қыл бар­лық нәр­се де ашық кі­тап­та бар», - де­лі­не­ді[3]

3. Самиғ: Яғни «Ес­ту»­ дегенді білдіреді. Иә, Алла Та­ға­ла әр нәр­се­ні ес­тіп бі­ле­ді. Оның бір нәр­се­ні ес­туі бас­қа нәр­се­лер­ді ес­туіне бө­гет емес. Өйтке­ні Алланың бұл сипаты кейін­нен пай­да бол­ма­ған. Алла Таға­ла­ның ес­туі жа­ра­тыл­ған­дар­дың ес­туіне мүл­дем ұқ­са­май­ды.

4. Басар:  «Кө­ру» де­ген түсінікті білдіреді.  Ұлы Алла Та­ға­ла әр нәр­се­ні ке­мел­ түр­де еш нәр­се­нің кө­ме­гін­сіз, ешбір құ­рал-жаб­дық­сыз бі­ліп, ес­ти­ті­ні се­кіл­ді әр нәр­се­ні еш кем­ші­лік­сіз, еш нәр­се­нің кө­ме­гін­сіз көре­ді. Оның ілі­мі жә­не ес­туі шек­сіз бол­ға­ны се­кіл­ді кө­руі де шек­сіз. Оның бір нәр­се­ні кө­руі бас­қа нәр­се­лер­ді кө­руіне бө­гет емес. Құ­ран­да: «Еш кү­мән­сіз Алла көк­те­гі жә­не жер­де­гі ғайыпты (кө­ме­с нәр­се­лер­дің бә­рін) бі­ле­ді. (бұ­лар­ды біл­ген Алла) Әл­бет­те, сен­дер­дің бар­лық іс­теп жат­қан істерің­ді кө­ру­де», - де­лі­нген [4].   

5. Ирада: Бұл си­пат «Қа­лау» де­ген ма­ғы­на­ға саяды. Алла қалайды, қалағанын орындайды. Бұл жөнінде қасиетті Құран Кәрімде:  «Ей, бар­лық мү­лік­тің шы­найы иесі – Алла Тағалам! Сен мү­лік­ті қа­ла­ға­ны­ңа бе­ріп, қа­ла­ға­ның­нан қай­та ала­сың. Қа­ла­ға­ның­ның мәр­те­бе­сін кө­те­ріп, қа­ла­ға­ның­ды тө­мен тү­сі­ріп қор­лай­сың. Күл­лі із­гі­лік пен қай­ыр­лы іс­тер тек қа­на Се­нің қо­лың­да. Әл­бет­те, сенің бар­лық нәр­се­ге құ­ді­ре­тің то­лық же­те­ді», – деп айт [5].

6. Құдірет: Алла Тағаланың бұл си­паты «Күш-қуат» де­ген ма­ғы­на­ны біл­ді­ре­ді. Құдірет иесі. Алла шексіз құдіретке ие, барлық нәрсеге күші, қуаты жетеді.. Қа­ла­са күл­лі әлем­ді бір ме­зет­те бар етіп, бір сәт­те жоқ ете­ді. Оның құ­ді­ре­ті кейін­нен пай­да бол­ма­ған, яғ­ни, бастауы жоқ әрі мәң­гі.

7. Кәлам: Ұлы жа­ра­ту­шы­мыз Алла Тағаланың бұл си­паты «сөй­леу» де­ген ма­ғы­на­ны біл­ді­ре­ді. Сөйлеу. Алла кәлам иесі, сөзін пайғамбарларына естірткен. Құран – Алланың сөзі. Ұлы жа­ра­ту­шы­мыз Алла Та­ға­ла сөй­леу сипа­ты­на ежелден ие. Иә, Оның кә­лам си­па­ты кейін­нен пай­да бол­ма­ған жә­не әр түр­лі әріп, ды­быс­тар­ға мұқтаж емес. Алла Та­ға­ла сө­зін Өзі­нің ұлы­лы­ғы­на лай­ық түр­де пе­ріш­те­ле­рі­не ес­тір­тіп жет­кі­зе­ді. Ұлы Жа­ра­ту­шы­мыз­дан түс­кен бү­кіл кі­тап­тар мен уахи­лер осы си­пат­тың дә­ле­лі әрі жер­де­гі кө­рі­ні­сі.

8. Тәкуин: Жарату. Алла жаратушы. Әлемдегі барлық нәрсені Жаратушы. Жаратылуын қалаған нәрсеге «Бол!» деп бұйыруы жеткілікті, ол сол мезет пайда болады. Бар нәрсені де қалаған кезінде жоқ ете алады.. Алланың «кун!» яғ­ни «бол!» де­ген бұй­ры­ғы ар­қы­лы кез кел­ген нәр­се әп-сәтте бар бо­ла­ды.      

Мұсылман Аллаға былай сенеді:  Алла бар және біреу. Бар болуының басы не соңы жоқ. Алла жаратылғандардың ешбіріне ұқсамайды. Жаратушының бар болуы өздігінен. Ешбір нәрсеге мұқтаж емес. Бүкіл жаратылыс Аллаға мұқтаж. Алла мәңгі тірі. Ол барлық нәрсені біледі, естиді, көреді. Алла қалайды, қалағанын орындайды. Оған ешкім араласа алмайды. Алла шексіз күш, қуат иесі. Барлық нәрсеге құдіреті жетеді. Алла жаратушы. Қалағанын жоқтан жаратады, қалаған кезінде жоқ етеді.

Қорытындылап  айтқанда,  әлемдегі барлық нәрсе Алланың жаратуымен пайда болған.  Жаратқан әр ісінде хикмет бар.  Алланың кәламы хақ, пайғамбарларына сөзін естіртіп, бұйрықтарын жеткізген. Дініміздің киелі кітабы Құран Кәрім – Алланың сөзі.

Алла Тағалаға дұрыс әрі шынайы иман келтірген пенде жаратылыстар арасындағы абыройлы орнын иеленіп, шынайы мәртебесіне қол жеткізеді. Бұл сенім адамның жүрегін әртүрлі жаман ой-пікірлерден тазалап, жақсы ойларға және көркем мінез-құлыққа бөлейді.

Пенде ешкім көрмейтін жерде болса да әдепсіз қылықтарға бармайды. Өйткені ол Алланың барлық нәрсені көріп, біліп тұрғанына иман келтірген.

Аллаға сену – бүкіл игіліктің бастауы болып саналады.

Бақдаулет Абдурахманов,

Нұр-Сұлтан қаласы «Нұр Астана»

мешітінің найб имамы


 

[1] «Абай өсиеттері» кітабы.

[2] Фур­қан сү­ре­сі­ 58 ая­т.

[3] Ән­ғам сү­ре­сі 59 аят.

[4] Хужу­рат сү­ре­сі, 18 аят.

[5] Әли Ғим­ран сү­ре­сі, 26.

Бөлісу: