22
Жұма,
Қараша

һижри

Адамдардың фиқһтен алыстауы. Не істеу керек?

Адамдардың фиқһтен алыстауы. Не істеу керек?

Ақида
Жарнама

Заман өте келе жақсы ниетпен істелген іс жамандалды. Және мазһабтарды құрметтеудің орнына қарсылық көрсетілді. Нәтижеде фиқһи мазһабтар арасында әр түрлі таластартыстар мен келіспеушіліктер және елеңсіз оқиғалар пайда болды. Бұл оқиғалар кішкене болса да қазіргі таңда мазһаб иелері үшін ең бірінші орындағы талас-тартыстарға айналды.

Бірақ бұл талас-тартыстар аз болғандай тіпті кейбір ғұламаларымызға да тіл тигізілді. Осылайша заман өте келе мұсылмандар үшін істелетін қажетті істер талас-тартыстар себепті тоқтап қалды. Кейін фиқһи кітаптарды жылдап діни сабақ алып жүргендер де түсіне алмай қалды. Олар фиқһи кітаптардағы сөздерді жаңа сөздерге ауыстыруға қорқатын. Осының нәтижесінде фиқһтен алыстау пайда болды. Ендеше, неге біз сол фиқһи кітаптарды тек ескі түрде оқуымыз керек, неге ондағы ескі пәтуаларды қазіргі заманға сай етіп салыстырып жаңартпаймыз? Ғұламаларымызды құрметтейік, олар соншалықты әрекет етіп дайындап берген кітаптарын ескі деп шетке ысырып қоймайық.

Не істеу керек?

Осы және бұл жерде айтылмаған фиқһи білімді үйрену өткен ұлы ғұламаларымыздан бізге қалдырылған өте үлкен мұра. Бұларды пайдаланып заманға сай түрде мұсылмандарға жеткізу өте үлкен қажетті істерден. Осыдан кейін талас-тартыс мәселелері болмайды деген үміттеміз. Сөздің қысқасы мұсылмандардың өздері діни сауаттарын арттыруы шарт. Ал ғылым иелері болса білімдерін арттырып, адамдарды талас-тартыстардан қайтаруы шарт. Егер сол білімділер бір мәселе жайлы түсінбеушілік туындап қалса, оны халыққа жарияламай бірінші өз араларында шешіп алуы керек. Сөздің қысқасы, біз өзіміз бірігіп талас-тартыстарға қарсы күресуіміз керек. Осылайша талас-тартыс мәселелерін жауып тастауымыз қажет. Әрбір мұсылман адам Алла Тағаланың: «Расында мұсылмандар бір біріне бауыр, ендеше екі бауырдың арасын жарастырыңдар» деген аятына амал етуі керек. Мұсылмандар күн өткен сайын бір-бірін жек көру емес, қатты жақсы көруге ұмытылуы керек. Осылайша екі мұсылман ортасын татуластыруы керек.

материал «Талас-тартыстар (Ихтиләфтар)» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: