04
Сенбі,
Мамыр

һижри

Хатим Әл-Асамның 33 жылда үйренген 8 сабағы

Исламның алғашқы кезеңдерінде өмір сүрген заһидтердің бірі, Хорасаннан шыққан Хатим Әл-Асамның толық аты - Әбу Абдуррахман Хатим ибн Унван (раһ).

Иманды адам екі дүниеде де қауіпсіздікте болады. Имандылар ғана барлық жұмыр бастылардың басқа жақтан іздеп таппай жүрген бақытына қол жеткізеді.

Адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың адамшылығының белгісі.

Алла Тағала сізді сынаққа алса – үніңізді естігісі келгені, ал дұға жасауға мүмкіндік берсе – жауап бергісі келгені. Ендеше, қасиетті жұма таңында мына дұғаны оқуды ұмытпаңыз.

Алладан жан байлығын әрі материалдық байлықты сұрағыңыз келе ме? Онда осы дұғаны күн сайын оқуды әдетке айналдырыңыз:

"Бұл дұғаны кеш болғанда айтқаннан кейін жан тапсырған адам Жәннатқа кіреді немесе Жәннат нәсіп болғандардың қатарында болады. Таң атқанда айтып, күндіз жан тапсырған да сол тәрізді" (Бухари, Нәсәи, Ибн Хажар, Табарани).

Адамның адамнан дәреже тұрғысынан озуы дегеніміз ‒ биік мәнсап, дүниенің көптігі, тегімен мақтану, дандайсу емес. Сондай-ақ, дәреже  ‒ билік не патшалық та емес. Ал адамның білімі аз болса да, оны мына төрт нəрсе жоғары көтереді:

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім жұма күні «Кәһф» сүресін оқыса аяғының астынан көктің ернеуіне дейін нұр шашылып, қиямен күні оны жарықтандырады, Алла оның екі жұма арасындағы күнәларын кешіреді» деген  (Әт-тарғиб уат-тарһиб).

Әділетті төрт халифаның бірі Османнан (р.а.) жеткен бұл дұға жайлы Пайғамбарымыз (оған алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім бұл дұғаны күн сайын таңертең және кешке үш мәрте оқитын болса, оған еш нәрсе зиянын тигізе алмайды», − деген.

Бұл дұға – өлімнен басқа барлық ауруларға ем. Бұхариден жеткен хадисте сахабалар жорықта жүргенде бір ауылға барып өздерін қонақ етуді өтінеді. Алайда, ауыл адамдары сараңдық танытып, оларды қабылдай қоймайды.

Қас қағым сәтте сағымдай болып өте шығатын өмірдегі ақылдылықтың ең биік шыңы – пенденің Алла Тағаламен байланысын үзбеуі, үнемі дұғада болуы. Егер жүрегіңізге тыныштық сыйлап, жамандықтан тазартқыңыз келсе, мына дұғаны оқыңыз.