28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Ұлттық ойын – рухты ойын

Ағаш атты мініп, тақия төбелерді айнала шапқан ауылдың қарадомалақтарының аузынан дәмі кетпеген естелігінің ең тәттісі осы ойын. Батырлардың бекзада болмысын сомдап, қолдан қазылған көмбені қоршауға алып, жұлма-жұлмасы шыққан тулаққа таласатын сәттер сана түкпірінде қаттаулы. Баба жосынымен жүріп, мұрасын бойына қондырған ұрпақтың қанында бар қасиет қайда жүрсе де соңыңнан қалсын ба? Дәуір алмасса да ұлттық ойынға келген де әлі де делебеміз қозып отыратыны содан-ау!

Қазақ күйеу балаға не үшін төстіктің басын жегізген?

Қазақта «күйеу бала қайын жұртына келгенде тартылатын табақтың ішінде міндетті түрде төстік болуы әрі оны күйеу бала мүжіп жеуі керек» деген дәстүр бар.

Туыстық қатынастың тамырын үзбе

Туыстық қарым-қатынастың адам өміріндегі мән-маңызы айрықша. Сондықтан, бабаларымыз «Айрылған азады, қосылған озады», «Жат туыс болмайды, туыс алыс болмайды», «Туысы бірдің уысы бір» деп туысқандар арасындағы қарым-қатынасты өте жоғары бағалаған.

Есті де ақылды адамдардың барлығы да бір үлкен Сенімнің керек екенін сезеді. Тазалықтың қажетін біледі.  Ендеше сол іздеген Сенімдер мен Жақсылықтардың бәрінің бастауында Ислам тұр.

Төркіндеу салтының сіз білмейтін мағынасы

Жаңа бір сайттан «төркіндеу салты» деген түсіндірме ақпаратты көзім шалып қалды. Оқысам, жаңа тұрмысқа шыққан қыздың өз еліне баруын «төркіндеу» деп тәптіштеп түсіндіріпті.

Әрбір адам баласының өміріне тікелей қатысты көптеген дүниелер бар. Адам өзінің туған ауылымен байланысты болғаны сияқты мемлекетімен де, жер бетіндегі адамдармен де белгілі бір дәрежеде байланысы бар.

Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет

Дәстүрлі қазақ қоғамында жасы үлкен адамдарды құрметтеу рәсімі ежелден бар. Ондай құрмет жасы үлкен кісінің қай рудан, қай жүзден, қай ұлттан екендігіне қарамай көрсетілетін. Қазақта сұлтан, батырлармен қатар барлық жасы үлкен, қартайған ер азаматтардың бәрі, кім екеніне, қандай тектен шыққанына қарамай, ерекше сый-құрметке бөленген.

Құнанбай баласына енді ешқандай қаза жоқ

Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы - халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Маңызын жоймау былай тұрсын, заман өзгеріп, қоғамдық санада күрт сапырылыстар пайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып, қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді.

Халқымыз табиғат тылсымын ерте заманнан-ақ түсініп, оны өзінің тұрмыс-тіршілігіне арқау етіп, колдана білген. Солардың бірі - халықтың ауа райын болжау тәсілдері.