22
Жұма,
Қараша

һижри

Уақф жөніндегі таңғажайып мағлұмат.

Дін және ғылым
Жарнама

Моника Гаудиоси есімді зерттеушінің мақаласында: "1264 жылы құрылған Оксфордтық Мертон Колледжі құжаттарына қарасақ, бұл іскерлік мақсатта емес қайырымдылық қордың (траст) ашылуы дәстүрлі уақып құрылымына өте ұқсас болды.

Егер бұл құжат латын тілінде емес, араб тілінде жазылғанда кәдімгі уақыпнама құжаты екен деп қабылдар едіңіз", - деп жазады.[1] Яғни, Европаның ең алғашқы оқу орындары Ислам әлемі ғылыми танымынан  сусындап құрылғанына көзіміз жетеді. Кезінде "Нұр-Мүбарак"университетінде сабақ берген оқытушымыз профессор, доктор Рида ад-Дақиқи мырза біраз жыл Германияда білімін жетілдірген екен. Сол елдің "Құқықтану академиясы" Әбу Ханифаның шәкірті Мұхаммед әш-Шайбани атында екенін айтты. Өйткені немістер юриспруденция негізін сол ғұламаның "Сиар әл-Кабир", "Сиар әс-Сағир" кітаптарынан алыпты. 

Сондықтан дүниежүзіндегі алдыңғы қатарлы елдердің ғылымы болсын, құқықтануы болсын, экономикасы болсын қай саласында да Ислам ғұламаларының ізін табасыз. Өкінішке орай қазіргі кезде тоқырап тұрғаны болмаса...

 

 

[1]. (Gaudiosi M.M.the Influence of the iskamic Law of Wagf on the Development of the Trust in England:The Case of Merton College/ /UPLR,Vol.136,1988,p1254)

(П.В.Шлыковтың "Түркиядағы дәстүрлі уақып институтының трансформациясы" кітабынан.)

 

 

"Нұр-Мүбарак" университетінің докторанты.

Қуат Қабдолда.

Бөлісу: