Балақай! Өзің білгендей, мен жүзден аса кітап жаздым.
Оның ішінде – «Тафсир кабир» жиырма том, «Тарих» жиырма том, «Таһзибу маснад» жиырма том. Қалған кітаптар көлемі кіші-үлкен бәрін жинақтаса, екі-үш томдық кітаптар болады. Осы кітаптар саған кітап жинап, кітап жазуды қажеттілік етпейді. Сенің бар уайымың осы кітаптарды жаттау керек.
Жаттау ол – капитал, жаттағаныңмен бөлісу – ол ілімнің жемісі. Ілімді жаттау барысында да, онымен бөлісу барысында да шыншыл бол.
Алланың шекарасын аяқ асты етпей, оны үнемі қадағалауға тырыс. Алла Тағала Құранда:
1) «Аллаға жәрдем берсеңдер сендерге жәрдем береді»;
2) «Алланы еске алсаңдар сендерді еске алады»;
3) «Аллаға берген серттеріңде бекем болыңдар Алла өз сертінде беке».
Ілімнің сыртқы көрінісіне алданып, амал етуді тастап қойма! Ілімдерін – басшылардың алдына кіру үшін пайдаланған адамдар – ілімге ие болып, амал істеуді тастап қойды. Осылайша ілімнің берекесі мен пайдасын көре алмады...
материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,
ummet.kz