26
Жұма,
Сәуір

һижри

ЕСЕП-2018: Елорда мешіттерінде жарты милионнан астам адамға уағыз айтылды (ФОТО)

3 желтоқсан. АСТАНА. Ummet.kz – Астана қаласы бас имамының орынбасары Бақытжан Өткелбаевтың айтуынша, үгіт-насихат шараларына 502 410 адам қатысқан, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Назарбаев 50 жылдан кейінгі ұрпаққа аманат хат жазды

1 желтоқсан. АСТАНА. Ummet.kz – Бүгін Назарбаев университетінде «Ұлы дала мұрагерлері» атты оқушылар мен педагогтардың форумы өтіп жатыр. Салтанатты жиынға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, болашақ ұрпаққа аманат хат жазып берді, деп хабарлайды baq.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Тұңғыш рет: Мәуліт жыры домбырамен орындалды (ФОТО)

Раббиул Әууал – мұсылман күнтізбесі бойынша пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған айы.

Елорда имамдары жылдық қорытынды есеп берді (ФОТО)

27 қараша. АСТАНА. Ummet.kz - Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, Астана қаласының өкіл имамы Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Елорда имамдарының жылдық қорытынды есеп беру отырысы өтті, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі. 

Нұр-Мүбарак университетінің студенті республикалық байқаудың жеңімпазы

20 қараша. АСТАНА. Ummet.kz – Нұр-Мүбарак университетінің «Дінтану» мамандығы бойынша білім алушы студент Назгүл Токова ғылыми зерттеу аясында республикалық байқау жеңімпазы атанды, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Алматыда Дінмұхамед Қонаев атындағы мешіт ашылды (ФОТО)

19 қараша. АСТАНА. Ummet.kz – Кеше Алматы қаласындағы Алатау ауданына қарасты Ақбұлақ шағын ауданында Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы мешіттің салтанатты ашылу рәсімі болып өтті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.  

«Әзірет Сұлтан» мешіті «Пайғамбарлар сұлтаны» атты мүшәйра жариялайды

19 қараша. АСТАНА. Ummet.kz – Ардақты Алла Елшісі Мұхаммед ﷺ пайғамбарымыз туылған Мәуліт айының құрметіне республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті «Пайғамбарлар сұлтаны» атты жыр мүшәйрасын жариялайды, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Мүфтият Jalpyhalyqtyq diktant шарасына үн қосты (ФОТО)

15 қараша. АСТАНА. Ummet.kz - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған Жалпыхалықтық диктант шарасына қолдау білдірді, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Астанада өзгеше қайырымдылық шарасы өтті

14 қараша. АСТАНА. Ummet.kz - Ардақты Алла елшісі (с.ғ.с.) дүниеге келген Мәуліт айының құрметіне орай бүгін Астана мешіттерінде «Қайырымдылық дастарханы» жайылып, Елордамыздағы мұқтаж отбасылар құлшылық ордаларында қонақ болып қайтты, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Заманауи медресе ресми түрде ашылды

13 қараша. АСТАНА. Ummet.kz - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Жамбыл облысында "Қордай медресесінің" салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

ҚМДБ Халал стандарттау бөлімінен қуанышты хабар (ФОТО)

12 қараша. АСТАНА. Ummet.kz - Өнімдерді халал стандарттау және сертификаттаумен айналысатын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Халал Даму» ЖШС Малайзияның исламды дамыту департаменті (JAKIM) ұйымынан аккредиттеуден өтті, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.