29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Діни тәрбие беру ісі әр адамның жүрегіне дейін жеткізілуі қажет. ҚР Үкіметінің селекторлық режимдегі отырысында дін  саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020  жылдарға арналған тұжырымдамасын талқылау барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев осылай деп айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында «2017-2020 жылдарға арналған Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасын» таныстырды, деп хабарлайды. Baq.kz.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айқындалған мақсат-міндеттер дін саласынада  да серпін берді. Бұл туралы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы елге танымал тұлғалармен кездесуінде атап өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғамға селкеу түсірер жат ағымдар мен әсіредіншілдерге қарсы «Нұр-Мүбарак» университеті жанындағы «Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институты» екінші түлектерін даярлады. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы «Ғұламалар кеңесінің» ұсынысымен Нұр-Мүбарак университетінде Алаш партиясының және Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай «Алаш және дін» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев үкімет үйінде Қазақстан азаматтығынан айыру бойынша құқықтық тәжірибенің жүзеге асырылу тәртібін түсіндірді. Бұл туралы KazIslam.kz хабарлады.

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова «Жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алудағы әйелдер ұйымының рөлі» атты конференцияда республика жастарының діни ұстанымына қатысты мәліметтерді жария етті, деп хабарлайды KazIslam.kz.

Жуырда Атырау қаласындағы көне мешіттің бірі – «Құспан молда» мешіті ғимаратының ескіруіне және сыйымдылығының тар болуына байланысты сүріліп, оның аумағы жаңа мешіт құрылысына әзірленген. 21 сәуір күні көптен күткен жаңа мешіттің іргетасы құйылды, деп хабарлайды  «Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Астанада өткен «Ислам және өркениет» атты ІІ республикалық имамдар форумы аясында дін қызметкерлеріне арнайы теориялық-тәжірибелік семинар ұйымдастырылды.