02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Осы жылдың 4-10 желтоқсаны аралығында Германия Федералды мемлекетінің арнайы шақыртуы бойынша ҚР Сыртқы істер министрінің ұйымдастыруымен Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарынан құрылған делегация құрамы Берлин, Штутгарт қалаларына іс-сапармен барып келді.

Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы ел арасында бала Жамбыл атанып кеткен жас ақын Жамбыл Дүйсенұлын қабылдады.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын 6-7 желтоқсан күндері Түрік Республикасына іссапармен барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы діни салада жемісті қызмет етіп жүрген бас имамдар мен Діни басқарма қызметкерлеріне жылы лебізін білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.

Алматы орталық мешітінің Мәуліт мерекесіне орай жариялаған адамзаттың асыл тәжі, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның ﷺ өнегелі өмірінен сыр шертетін «МӘҢГІЛІК ӨНЕГЕ – ӘЗ МҰХАММЕД МҰСТАФА ﷺ» атты бейнероликтер бәйгесінің қорытындысы белгілі болды, деп хабарлайды Muftyat.kz.

Алматы қаласында бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісі өтуде.

ТҮРКСОЙ ұйымына мүше мемлекеттердің Мәдениет министрлерінің 34-ші тұрақты кеңесі мен «Шеки – түркі әлемінің 2016 жылғы мәдени астанасы» жылының аяқталуына арналған рәсімінде осындай шешім қабылданды.