04
Сенбі,
Мамыр

һижри

Сұрақ: Әссаламуалайкум құрметті имам. Намазды оқып жүргеніме бірнеше ай болды әлі түсінбейтін нәрселерім көп-ақ. Маған үтір уәжіп намазын түсіндіріп берсеңіз. Алла өзі кешірсін кейде қаза да болып қалады. Енді осы үтір уәжіптің бірі қазасы өтеледі дейді, енді бірі өтелмейді дейді. Осыны түсіндіріп берсеңіз. Ғабит...

Сұрақ: Ассаламуалайкум менің болашақ үйленуге ниеттеніп жүрген қызым бар еді. Ата-анамыз да отбасын құруымызға қарсы емес. Бар ойым арадағы қарым-қатынасымыз шариғат аясында болғанын қалаймын. Кездесудегі шариғаттың қоятын талаптары қандай? Жалғас...

Сұрақ: Некедегі қалыңдық мәһірді толық алатын немесе алмайтын кезі бар ма? Бұл жөнінде шариғат не дейді?

Жауап: Ислам діні бойынша әйел тек неке қиюмен ғана мәһір алуға құқылы болмайды. Неке қиылғаннан кейін әйел мына үш жағдайда мәһірді толық алуға құқылы:

Сұрақ: Мас адамның талақ етуі жарамды ма?

Жауап: Адам ауру болса немесе адамды мас қылатын дәріден басқа дәрі таба алмағаны үшін оны ішсе немесе оған күшпен ішімдік ішкізсе және соның салдарынан мас болып, әйелін талақ ететін болса, діни неке бұзылмайды.

Сұрақ: Ассаламуалайкум. Үйге шырша (елка) құруға бола ма? Оған шариғат қалай қарайды?

Жауап: Уа алайкум ассалам. Жалпы алғанда «шыршаны» құрмет тұтып, ұлықтау әдеті көне заманда өмір сүрген біршама халықтың салтында бар-тын. Мысалы, көне Грецияда шырша аңшылық құдайы Артемидтің қасиетті ағашы ретінде есептелсе, «Ханты» халқы жаңа жылда шыршаға арнап, құрбандық шалатын болған. Ал, «Удмурт» халқы шыршаға мінәжат етіп, оған  балауыз шам жағатын.

Бастырылу деген не және одан құтылу үшін не істеу керек?

Сұрақ: Ассаламуалайкум мен үнемі ұйықтаған кезде бастырылып қаламын. Бастырылу деген не және одан құтылу үшін не істеу керек?

Жауап: Уа алайкум ассалам. Бастырылу медицинада ұйқы салы деп аталады...

Сұрақ: Ислам дініндегі сауда-саттық құқығы туралы мәлімет бере аласыздар ма?

Жауап: Уағалейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ. Сауданың анықтамасы: Сауда сөзінің мағынасы — бір нәрсені екінші бір нәрсемен алмастыру. Шариғаттағы мағынасы — бағалы мал-мүлікті құнды мал-мүлікке айналдыру және өзара разылыққа сай ауыстыру. Мал-мүлікті саудалаудың  мақсаты — барлық пайдалы нәрселерді өз мүлкіндей иемдену.