21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Некелескен қалыңдық қай кезде мәһірді толық алуға құқылы болады?

Сұрақ-Жауап

Сұрақ: Некедегі қалыңдық мәһірді толық алатын немесе алмайтын кезі бар ма? Бұл жөнінде шариғат не дейді?

Жауап: Ислам діні бойынша әйел тек неке қиюмен ғана мәһір алуға құқылы болмайды. Неке қиылғаннан кейін әйел мына үш жағдайда мәһірді толық алуға құқылы:

  1. Жыныстық қатынаста болу.
  2. Сахих қылуеттің (бір жерде оңаша болу) жүзеге асуы.
  3. Жұбайлардың біреуінің дүниеден өтуі[1].

Некедегі қалыңдықтардың арасында «сахих қылуеттің» болуына мына жағдайлар кедергі болады: жұбайлардың қасында үшінші адамның болуы, жұбайлардың жыныстық қатынасқа кедергі болатын жағдайдың болуы, жұбайлардың біреуінің науқас болуы, етеккір жағдайы, парыз оразалы болу, қажылық үшін ихрамда болу.

Бұл жағдайлардың біреуі болған жағдайда мұндай оңаша қалуды «фәсид қылует» жүзеге аспаған деп атайды. Келісім мен неке бұзылған жағдайда әйел мәһірді толық емес, жартысын алуға құқылы болады. Өйткені сахих некеде мәһір мөлшері анықталады және жыныстық қатынас немесе сахих қылует болмай күйеудің ісі негізінде неке бұзылатын болса, әйел мәһірдің жартысын алуға құқылы болады. Аятта былай делінген:

«Егер мәһір белгіленіп қойып қосылмай тұрып талақ етсеңдер, онда белгіленгендеріңнін (мәһірдің) жартысы олардыкі. Бірақ әйел кешсе немесе неке келісімінде билік жүргізетін (күйеуі немес қожайыны) кешірім етсе (бағыштаса), оның жөні басқа. (Ей еркектер) Сендерд34 кешірім етулерің – тақуалыққа өте жақын. Өзара абзалдықтарыңды (өткендегі бірге сүрген өмірлерің мен өзара құқықтарыңды) ұмытпаңдар. Расында, Алла сендердің істегендеріңді көріп тұрады»[2].

Белгілі бір мөлшердегі мәһірге тоқталған әйел жыныстық қатынастан бұрын талақ етілсе, еркек мұның жартысын төлеуге міндетті. Ажырасқан жұбайлардың мүліктік және психологиялық жағдайы түрлі ұстанымдар мен әрекеттерге итермелейді. Сондықтан ислам екі жақты да бір-бірін жақсылықпен, сыйласып отырып ажырасуларын насихаттаған.

 

[1] Ниса,4/20, 21; әл-Қасани, а.к,II, Ибн Абидин, а.к, II, 465, Әбу Дәуіт, Никәх, 31; Нәсәи, Талақ, 57.

[2] Бақара, 2/237.

Ислам ғылымхалы дәлел-дәйектерімен.

Бөлісу: