06
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Нәпсінің кемшілігі: Сауапты іс жасап жүрмін деп ойлау

Нәпсінің үлкен кемшіліктерінің бірі – ізгі жандар сауапты істер жасаған жерге, мәжіліске келгенде өзін де солардың бірімін деп ойлап, ізгіліктен үмітті болуы.

Нәпсі тәрбиесі: Нәпсінің жаман қалауларын әркез басып отыру

Мұсылман адам ішкі қалауы әлдебір ой салғанда, сол істің дұрыс-бұрыстығын саралап барып істеуі қажет. Әйтпесе, нәпсісінің қалауын орындай беру адамды орға жығары сөзсіз.

Нәпсінің кемшілігі: Өзін жәннаттықпын деп деп елестетуі

Нәпсінің кемшіліктерінің бірі – Алланың азабынан құтылудың есігінің алдында тұрмын деп құр бос қиялдауы (яғни, нәпсінің белгілі бір құлшылықтарды орындап жүрген соң Алланың қаһарынан құтылып, рақымына іліктім деп қиялдап, өзін жәннаттықпын деп елестетуі).

Иманды арттырудың жолы: Алланың құдіретін танытатын жаратылыстар туралы ойлау

«Жеті аспанды қабат-қабат етіп жаратқан – Сол (Алла). Әр-Рахманның жаратуында ешбір кемшілікті көрмейсің. Қайта көз салшы, қандайда да бір сәйкессіздік көре аласың ба?! Содан кейін де көзіңді қайта сал. Көзің саған қажып, талған күйде қайтады». («Мүлк», 3-4-ші аяттар).

Нәпсінің кемшілігі: Жасаған күнәсі көп бола тұра аз ғибрат алу

Нәпсінің кемшіліктерінің бірі – жасаған күнәсі көп бола тұра Алланың дереу жазаламай, (жазасын) кешеуілдетуінен аз ғибрат алуы.