26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Иман пен күпірліктің арасындағы шекара

Иман пен күпірліктің арасындағы шекара

Иман келтіру

Имам Ғазали күпірлікке түсу дегеніміз – «Хазірет Мұхаммедтің (с.а.у) Алладан келген уағызын жалғанға шығару» деп түсіндіргеннен кейін жалғанға шығаруды (тәкзибті) алтыға бөледі:

1) Яһуди, Христиан, отқа табынушы және пұтқа табынушы секілді Исламнан тыс діннің адамдары. Бұлардың кәпір екендіктері Құранда айтылған. Бұған барлық мұсылмандар ауызбіршілік (бір ауыздан келіскен) еткен.

2) Пайғамбарлықты қабыл етпеген Брахмандар мен Алланы қабыл етпеген материалистер. Бұларда бірінші топ секілді кәпірлер болып саналады.

3) Алланы және пайғамбарды қабыл етуімен қатар насстарға (Құран мен сүннет) қайшы көзқарас ұстанған Ислам философтары. Ғазали Ислам философтарын үш нүктеде тәкфир етеді: а) Хашрдың (қайта тірілудің) тәнмен болмайтындығы туралы көзқарасы; ә) Алланың жүзи (кішкентай бөлшек) нәрселерді және оқиғаларды білмейді деген көзқарасы; б) Әлемнің мәңгілік екендігі туралы көзқарасы; Осылай тәкфир ету мәселесінде Ғазалидың жалғыз екендігін, Ислам философтарының бұл тұрғыдан тәкфир етілмейтіндігін айтқандар да бар.

4) Мұғтазилә, Мушәббиһә және басқа барлық фырқалар. Олар тә’уил жасауда қателікке ұрынады. Бұл фырқалардың хәлі ижтиһадқа байланысты. Көпшілігі тәкфирден барынша қашуда. Себебі «лә иләһә иллаллаһ, Мухаммад расулуллаһ» деп Қағбаға қарап намаз қылған адамдардың кәпір болғандығын жариялап, жаны мен мал-мүлкіне қауіп төндіру қате ұстаным болмақ. «Мың кәпірді тірі қалдырумен жасалған қателік, қан алу шынысымен бір мұсылманның қанын ағызуда жасалған қателіктен тәуір».

5) Хазірет Мұхаммедті ашықтан ашық жалғанға шығармаумен қатар одан (с.а.у) тауатыр жолымен жеткен негіздердің бірін «меніңше діннен екендігі нақты емес» деген адам. Мысалы, бес уақыт намаз парыз емес деген адамға Құран аяттары мен қажетті насстар оқылғанда «Бұл оқығандарыңыздың расулаллаһтан келіп-келмегенін білмеймін. Бәлкім қателік бар шығар» десе кәпір болады. Егер мұндай адам енді мұсылман болып, осы секілді нәрселерге маман болмаған болса, оған мұрсат беріледі.

6) Тек ижмамен келген діни бір негізді қабыл етпеген адам. Мұның тәкфир етілуі күмәнді, мүжтәһидтердің пікіріне қарай өзгереді. Тәкфир мәселесінде Ғазалидың орынды өлшемдерін айтумен қатар бұл туралы екі хадисті де келтіре кетейік: «Алладан басқа тәңірдің жоқтығын әрі мені Оның елшісі деп қабыл еткен мұсылманды тек мынадай үш жағдайда ғана өлтіруге болады: Некелі болса да зина жасаған адам. Әдейі адам өлтірген кісі және діннен шығып (мүртәд), жамағаттан бөлінген адам».

Бұл хадисте діннен шыққан адамның өлім жазасына кесілуі үшін жамағаттан бөлінуінің шарт қойылуы назар аудартады. Демек, қабыл етпей күпірлігін өмір сүріп отырған жамағатынан ажырау мақсатында жария еткен адам өлтіріледі. Пайғамбарымыз бір күні сахабаларына келешекте пайда болатын залым басшылардан, оларға ергендердің жамандығынан хабар береді. Сахабалардың «Иә Расулалла! Ондайлармен соғысайық па?» деген сұрақтарына: «Намаз оқитын болса, соғыспаңдар!», – деп жауап береді.

Бұл хадисте бір өлшем ретінде қабыл етілгендігі көрініп тұр. «Иман пен күпірліктір арасындағы шекара» мәселесі жөнінде жасалған қысқаша талқылауымызды аяқтамастан бұрын қазіргі таңда кеңінен тараған тәкфир ету әрекеттеріне де тоқтала кетуді жөн деп санадық. Жалпы алғанда, шынайылықтан алыс көрінген әрекеттің кең тараған факторларының бірі – дөрекілік. Қазіргі күнде тәкфирдің құнсыз, жеңіл, қаласа дереу қолданыла беретін бір нәрсе деп қарайтындар да бар. Бұларға «тәкфирдің қауіп-қатерлері» туралы хадистерді айту керек. Өзгелерді тәкфир етудің себептерінің бірі қызғаныш, көреалмаушылық және бас пайдасы болса керек. Күншілдік онсыз да дін бойынша тыйым салынған нәрсе. Жалған дүниелік салтанат пен атақ, мансап үшін басқаларды тәкфир етудің жиіркенішті іс екені анық. Өн бойынан өзіне қажетті қабілет пен еркіндік таба алмағанда өзгелерге дұшпандық еткен адамдардың күйі неткен қайғылы! Тәкфир дертінің ең маңызды факторы надандық және оның салдарынан пайда болған төзімсіздік.

Бұдан тоғыз ғасыр бұрын Имам Ғазали (ө.505/1111) осындай себептермен тәкфир етілген еді. Имам осыған байланысты жазған атақты жазбасының кіріспесінде (Файсалут-тәфриқа) оқиғадан көп әсерленген бір досына: «Көңілі мейірімге толы досым! Сені таңырқаған әрі ашуланғаныңды байқадым. Өйткені, діни қарым-қатынастардың сырларына байланысты жазылған кейбір кітаптарымыз туралы қызғанғандардың жаралаушы айыптаулары сенің де құлағыңа жетіпті. Олардың түсінігінше бұл кітаптарымызда бұрынғы өткен ғалымдардың және озат кәләмшілердің мәзһабына қайшы пікірлер бар екен. Сондай-ақ сол күншілдердің пікірінше Әшғари мәзһабынан бір миллиметр болса да бөліну күпірлік болады, ең қарапайым мәселеде де оларға қайшы ойлау адасушылық әрі зұлымдық болады екен... 

материал «Ислам теологиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: