08
Сенбі,
Ақпан

һижри

Амалдардың ниетке қарай қабыл болатындығы

Амалдардың ниетке қарай қабыл болатындығы

Иман келтіру

Әркімнің ниетіндегісі болады. Имам Бухари (р.а.) айтты:

«Бұл сөзге иман да, дәрет те, намаз да, зекет те, қажылық та, ораза да, қарым-қатынас та, неке де, басқа да барлық үкімдер кіреді. Алла Тағала Құран кәрімде: «Мұхамедке (с.ғ.с.): «Әркім өз жөн көргенін істейді. Сонда Раббың, кімнің тура жолда екенін жақсы біледі»,- деп айт!»,- деді («әл-Исра», 84 аят). Кісінің өз сауаптан үміт етіп, өз отбасының мүшелеріне жұмсаған табысы да садақа болады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мекке ашылғаннан кейін көшу дұрыс емес. Бірақ та жиһад қылып немесе жақсы ниетте көшуге болады»,- деді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Амалдар ниетке байланысты қабыл етіледі. Кім қандай ниетте болса, соған жетеді. Кімде-кім Алла Тағала және оның Расулы үшін көшкен (хижрат) болса, ол Алла Тағала және оның Расулы үшін көшкеннің сауабын алады. Ал, кімде-кім малдүниеге жету үшін немесе әйел алу ниетінде көшкен болса, тек қана соған жетуі мүмкін»,- деді. (бірақ та сауап таппайды).

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Егерде бір кісі сауаптан үміттеніп, өзінің отбасының мүшелеріне мал-мүлік сарп етіп жұмсаса, оған садақа бергеннің сауабы жазылар».

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Алла Тағаланың жолында садақа беретін болсаң, әлбетте, оның үшін Алла Тағаладан сауап аларсың, тіпті, әйеліңнің ауызына салып қойған бір жұтым тамағың үшін де сауап жазылар».

материал «Сахих әл-Бұхари хадис жинақтары» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: