13
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Тақуалық – тікенді жерде абайлап жүргенің секілді

Тақуалық – тікенді жерде абайлап жүргенің секілді

Иман келтіру

 «Тақуалық – тікенді жерде абайлап жүргенің секілді» (Убәй ибн Кагб).

Тақуалық – рух азығы. Оны әрдайым куаттап, күш беріп түрады. Мұның шыңы – «Ләә иләәһә иллалла» кәлимасы. Себебі, кіл жамандықтың бастауы Аллаға ортақ қосудан болады. Дүние – сынақпен мәнді, ақырет –  тақуалықпен сәнді. Алланың һәм жұрттың алдындағы пенденің қадірі тақуалықпен артады. Алла адамды сүйсе тақуалық киімін кигізіп, Өзі сүйген істерді қоса сүйдіреді. Хазреті Убәй ибн Кагб (Алла оған разы болсын): «Такуалық – тікенді жерде абайлап жүргенің секілді», - деп сипаттайды.

Халифа Омардың (Алла оған разы болсын) мысынан жұрт түгіл шайтан қаймығатын. «Омар жүрген жолмен шайтан әсте жүрмейді», - делінген. Тақуалық – адам баласының Құдай алдындағы адал еңбегі. Алла Тағала мандай теріне қарай тақуа жандарды Өз панасына алып, дүние мен ақыретте кезігетін қауіп-қатерден сақтайды. Негізінен араб тілінен енген бұл сөздің түпкі мағынасы – сырттан келетін қауіп-қатерге қарсы көзге көрінбейтін қамал тұрғызу дегенге саяды.

Табиғин Мәлік ибн Динар (Алла оны рақымына алсын): «Өз бойынан тақуалықты байқап, үкілі үмітті сезінген адам шүбәсіз ақиқатқа жармасады. Тақуалықтың белгісі – Құдай тыйған істерден жиіркене қашу. Үміттің белгісі – Құдай бұйырған істерді сүйсіне жасау», - деген (Әбу Ләйс Самарқанди).

Шынайы тақуа адамдар қоғамның гүлі іспетті. Қоғам олармен көркеймесе, ешуақытта олардан жапа шеккен емес.

материал «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: