19
Жұма,
Сәуір

һижри

Ізгілердің нәпсі тәрбиесінен насихат

Ізгілердің нәпсі тәрбиесінен насихат

Иман келтіру

«Алдыңғы буын ізгілері нәпсілерін қатал түрде тәрбиелеген, жандарын құлшылыққа үздіксіз дағдылап, құлшылықта үлкен ыждаһат танытып, ұзақ уақыт ораза тұтыпты. Оразаны үзбей ұстап, көз ілмей түнді намазбен өткізіпті. Дүниенің адал ләззатынан, рахатынан бас тартыпты.

Күніне бір мәрте не екі мәрте Құранды бастан аяқ оқып шығыпты» деген деректер кездестіреміз. Мұндай дерек өзіңіз жоғарыда баяндаған фақиһтардың сөзі мен хадистерге қайшы келмей ме?» – деген сұрақтар туындауы мүмкін.

Мен бұған үш түрлі жолмен жауап беремін:

Уахи мен алдыңғы ізгі буынның құлшылығы туралы жеткен дерек бір-біріне қайшы келді деу қисынсыз. Себебі Алла мен пайғамбардың сөзін пенденің сөзімен салыстыру дұрыс емес.

Алдыңғы буын ізгілердің құлшылығы туралы жеткен ондай мәлімет кесімді дерекке жатпайды. Сондықтан Құран мен сүннетке сүйен. Алдыңғы ізгі буынның құлшылығы туралы жеткен ондай деректі нақты деп айта алмаймыз. Себебі ондай мәлімет зерттеу мен сараптауды қажет етеді. Тіпті, ондай деректердің көбісінде риуаят тізбегі (санад) жоқ. Ал Құран мен сүннет нақты риуаятпен жеткен. Сондықтан уахи мен адам сөзі тең дәрежеде қарастырылмайды. Олай болса, қайшылықты қайдан алдың?!

Екі түрлі себеп үшін адамның құлшылықта қаттылық танытуына тыйым салынған:

Бірінші себеп «лиммия» деп аталады. «Лиммия» дәлел деген мағынаны білдіреді. Мантық ғұламалары қолданатын арнайы термин. «Лимий» деп бір нәрсенің пайда болу себебіне қарап, оның салдарын білуді айтады. Мысал ретінде отқа қарап түтіннің шығатынын білуді айтса болады. Адам құлшылықта қатты болса, өз жанын қинайды немесе өзгенің хақысын ұмыт қалдырады, яғни бір құлшылықты істеймін деп екінші құлшылықты атқарусыз қалдырады не бір құлшылықты тұрақты орындай алмай қалуы мүмкін.

Екінші себеп «инния» деп аталады. «Инния» деген бір істің салдарына қарап, себебін анықтауды айтады. Мысал ретінде жапырақтың қимылына қарап жел тұрғанын, жасалған бұйымдарға қарап жасаушының барын анықтауды айтса болады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) – әлемдерге рақым етіп жіберілген елші. Ол ешқандай адамның шамасы келмейтін құлшылық түрлерін жасайтын болған. Алла Тағаладан ең қатты қорқатын да, Алланы ең жақсы танитын да, ең үлкен тақуа да Пайғамбар (с.ғ.с) еді. Пайғамбардың (с.ғ.с) жолын – ең абзал, ең дұрыс әрі Алла Тағаланы тануға және Оның разылығын алуға жетелейтін ең кәміл жол деп кесімді түрде айтамыз. Алдыңғы буын ізгілердің өздеріне қатал болуының себебі: олар жүрек дертінен арылғысы келген немесе олар құлшылыққа дағдыланғаны соншалық, құлшылық олар үшін тән азығымен бірдей болған. Құлшылыққа берілсе де, адамдардың хақысын ұмыт қалдырмаған, бастаған құлшылықты тастамаған. 

Егер осы тақырыпта баяндалған аят, хадис, фақиһтардың сөзі, алдыңғы ізгі буынның істеріне шынайы түрде ой жүгіртіп көрсең, көбісі үшінші жауабымның мағынасын меңзеп тұрғанын байқайсың. Алдыңғы ізгі буынның құлшылыққа қаталдық танытуының басты себебі жоғарыда баяндалған «лимми» және «инни» себепке байланысты болған. Міне, осы – дұрыс жауап әрі анық шындық. Сол үшін ғалымды асыра мақтап шектен шықпа, түсініксіз көрінген істеріне бола тіл тигізбе. Орта жолды ұстап, ынсап сақта. Бізге ақиқат жолын көрсеткен Алла Тағалаға сансыз мақтау болсын, Алла Тағала бізге һидаят бермегенде тура жолды таппас едік деп айт.

материал ««Әз Пайғамбар хақ жолы»» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: