26
Жұма,
Сәуір

һижри

Төрт халифа мен сахабалардың сүннетке көрсеткен ілтипаты

Төрт халифа мен сахабалардың сүннетке көрсеткен ілтипаты

Ислам тарихы

Бәйхақи «төрт Халифа мен өзге сахабалардың хазірет Пайғамбардың хадистерінен пайдаланғандығы жөнінде» деген тақырыпта мына бір риуаяттарды жеткізген:

Қабиса ибн Зүәйбден (ө. 80/699) риуаят етілгеніне  қарағанда бір кемпір, өзіне берілетін мирастың мөлшерін білу үшін хазірет Әбу Бәкірге келді. Хазірет Әбу Бәкір «Құранда сенің мәселеңе байланысты бір аят жоқ; Расулулланың сүннетінде бар деп ойламаймын. Сен қазірше бара тұр, мен сахабалардан мұны сұрап білейін» деп әлгі кемпірді кері қайтарды. Содан кейін хазірет Әбу Бәкір сахабалардың ортасына осы мәселені тапсырғанда Мұғира ибн Шуғбә, Расулулланың мұндай әйелге алтыдан бір мирас бергеніне куә болғанын айтты. Бұл сөздің ақиқатына көз жеткізбек болған хазірет Әбу Бәкір, Мұғираға осығанкуә болатын адам бар ма деп сұрады. Ол жерде отырғандардың бірі Мұхаммед ибн Мәсләмә әл-Ансари (ө. 40/660 дан кейін) деген сахаба орнынан тұрып Мұғираның сөзін растағанда хазірет Әбу Бәкір Мұғираның риуаятына қарай әлгі кемпірге мирас алуына үкім берді.

Ибнул-Мүсайябтан (ө. 93/712) риуаят етілгеніне қарағанда хазірет Омар малдың әке жағынан туысқандарына берілетінін, осыған байланысты жұбайы, күйеуінің малына мирасқор болмайтынын айтты. Алайда Даххақ ибн Суфян, Расулулланың өзіне жазған хатында Үшәйм ибн Даббаб әйеліне күйеуінің малынан мирастан үлес бөлуін жазғанын айтқанда хазірет Омар, алдынғы көзқарасынан бас тартып Расулулладан көргенін істеген.

Таус мына риуаятты жеткізген: Хазірет Омар сахабалардан тастанды бала жайында Расулулладан бір нәрсе естіп-етімегендігі жайлы сұрады. Хамәл ибн Малик ибн ән-Набиға орнынан тұрып мына  оқиғаны айтып берді: Екі күңім бар болатын. Оның біреуі жүкті күңді таяқпен ұрып баласын тастауына себепші болды. Расулулла (с.а.у.) осы оқиғада, дені сау адамға төленетін құнның жиырмадан біреуі берілсін деп үкім берді.

Хазірет Омар осыны көргеннен кейін «Егер бұл хадистен хабарымыз болмағанда, өзімнің көзқарасым бойынша басқа үкім беретін едік!», деді.

Бәйхақи осыған орай айтылған Шафидің мына сөзін жеткізеді: «Хазірет Омар, Даххақтың жеткізген хадисін қолдана отырып, өзінің көзқарасы бойынша берген үкімнен бастартқан. Тастандыбалағабайланыстыхадисті естімегенде өзінің ойына салып басқа бір үкім берген болар еді».

Бұхари мен Мүслим, ибн Шиһаб әз-Зүһри арқылы Абдуллаһ ибн Амр ибн Рабиғадан (ө. 80/699 шамасы) жеткен мына оқиғаны риуаят еткен: Хазірет Омар Шам қаласына бармақ болып жолға шығады. Шамға баратын жолдың бойындағы Тәбук деген аймақта орналасқан «Сәрғ» атты ауылға барғанда, Шам қаласында оба ауру шыққандығы жайлы хабар алады. Мұны естіген Абдуррахман ибн Ауф, хазірет Омарға Расулулланың (с.а.у.) мына бір сөзін айтып есіне түсіреді: «Бір жерде оба ауруы шыққанын естісеңдер, ол жерге бармаңдар. Ал егер тұрғылықты жерлеріңнен оба ауруы тарайтын болса, ол жерден қашып шықпаңдар». Осы хадисті естіген хазірет Омар, сапардан бас тартып  Сәрғтен кері оралады. Ибн Шиһаб, Салим ибн Абдуллаһ ибн Омардың «хазірет Омар Абдуррахман ибн Ауфтың жеткізген хадиспен амал етіп қасындағылармен бірге кері қайтты» дегенін айтқан.

Бұхаридің Бәжаләден риуаят етілгеніне қарағанда хазірет Омар, Расулуллаһтың (с.а.у.) Нәжәр Мәжусилерінен жизия алғандығына Абдуррахман ибн Ауфтың куәлік бергеніне дейін олардан жизия алмаған. Зейнеп ибн Қаб ибн Ужра, Әбу Сайд әл-Хұдридің қарындасы Фурая ибнт Малик ибн Синаннан мына хабарды жеткізеді: «Фурая Расулуллаға келіп, қашқан құлдарды іздеуге шыққан күйеуінің Тарафул-Қадум деген жерде әлгі құлдар тарапынан өлтірілгендігін, күйеуінің артында тұратын үй қалмағандығын, сондықтан Бәни Худрада тұратын жанұясымен бірге тұрғысы келетінін айтып, осыған бір шешім беруін өтінді. Расулулла «Ғиддет мерзімің біткенге дейін үйіңде отыр» дегенде, күйеуінің үйінде төрт ай он күн ғиддет күткендігін айтқан Фурая, «хазірет Осман халифа болғанында осы мәселені сұрап білу үшін маған адам жіберді. Мен оған осы оқиғаны айтып бердім. Ол сол бойынша үкім берді» деген».

материал «Сүннеттің діндегі орны» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: